НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған мұғалімдер мен оқушылардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақстанда 2 834 мұғалім және 11 497 оқушы коронавируспен ауырды", - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Марал Рахымжанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
"Шешім қабылданды": мектеп түлектері емтихан тапсыра ма?
Айта кетейік, өткен тәулікте республика бойынша 1 100 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР-тестпен расталды. Жалпы, пандемия басталғалы бері 237 300 адамнан вирус табылды. Олардың басым бөлігі жазылып шықты.