Қоғам

"Шешім қабылданды": мектеп түлектері емтихан тапсыра ма?

© Sputnik / Владислав ВодневШкольники в Казахстане начали учиться дистанционно
Школьники в Казахстане начали учиться дистанционно   - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2021
Жазылу
Қазіргі кезде білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығы дайындалып жатыр, деп атап өтті Шолпан Каринова

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Мектептерде емтихан өткізу Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Үшінші тоқсаннан бастап 9-11 сынып оқушыларын офлайн форматқа ауыстырдық. Оның негізгі себебі – алдағы емтихандар. Бүгінде мектептер де, оқушылар да қорытынды емтиханды тапсыруға дайындалып жатыр. Бұл – барлығына қажетті аттестация. Соның нәтижесінде негізгі және орта білім туралы аттестат беріледі", - деді Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі кезде білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығы дайындалып жатыр.

"Біздіңше, биыл қорытынды аттестация өтеді. 9-сыныптар үш емтихан тапсырады. Соның ішінде тіл және математика бар. Ал 11-сыныптар төрт емтихан тапсырады. Барлығы министрдің бұйрығында көрсетілген. Сондықтан мектеп түлектері емтихан тапсырады деген шешім қабылданды. Алайда бір маңызды мәселені ескерген жөн, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты тиісті шешімдер қабылданады", - деп түйіндеді Каринова. 

"6 жасқа толатындар барады": министрлік 1-сыныпқа қабылдау тәртібін жариялады 

Айта кетейік, өткен жылы 9-11 сынып оқушылары емтихан тапсырудан босатылды. Барлығына жылдық бағаның негізінде аттестат берілді.

Жаңалықтар
0