Қоғам

COVID-19 жұқтырған мұғалімдер мен оқушылардың саны жарияланды

© AP Photo / Thanassis StavrakisУчительница работает за компьютером в пустом классе
Учительница работает за компьютером в пустом классе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2021
Жазылу
Қазақстанда 2 834 мұғалім және 11 497 оқушы коронавируспен ауырды, деп атап өтті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған мұғалімдер мен оқушылардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстанда 2 834 мұғалім және 11 497 оқушы коронавируспен ауырды", - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Марал Рахымжанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

"Шешім қабылданды": мектеп түлектері емтихан тапсыра ма?

Айта кетейік, өткен тәулікте республика бойынша 1 100 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР-тестпен расталды. Жалпы, пандемия басталғалы бері 237 300 адамнан вирус табылды. Олардың басым бөлігі жазылып шықты.

Жаңалықтар
0