Фото

Саябаққа кіру құны – 30 теңге: Шымкенттің көрікті жерлері – фото

Sputnik

Сондай-ақ, Арбат пен ипподром маңында шымкенттіктермен қатар, қала қонақтары да жиі келіп серуендейді.

Қазақстанда екі дендросаябақ бар болса, соның бірі Шымкентте орналасқан. Саябақ ішінде қазақстындықтар мен шетелдік танымал тұлғалар отырғызған ағаштар бар. Мысалы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1982 жылы Қазақ КСР Орталық комитетінің хатшысы болған кезде осы саябаққа ағаш еккен. Қазір діңгегі қатты ағаш жайқалып тұр.

Оқи отырыңыз: Телефонның алғашқы түрлері – фото

Сонымен қатар саябақта Еңбек ері Ыбырай Жақаев, Ұлы Отан соғысының батыры Талғат Бигелдинов, КСРО халық әртісі Роза Бағланованың қадаған ағаштары алып бәйтерекке айналған. Сондай-ақ, Ливия мемлекеті мен Эстония Республикасының делегациясы да саябақта болып, ағаш отырғызған.

1 / 8
Қазақстанда екі дендросаябақ бар болса, соның бірі – Шымкентте орналасқан. 1979 жылы ашылған Асанбай Асқаров атындағы дендросаябаққа кіру құны – 30 теңге. Жалпы аумағы 117 гектар саябақ ішінде әлемдегі әртүрлі географиялық аймақтардың флорасына жататын шөптесін өсімдіктердің ағаш пен бұталы түрлерінің 560-тан астам түрі өседі.
2 / 8
Саябақ ішінде қазақстандықтар мен шетелдік танымал тұлғалар отырғызған ағаштар бар. Мысалы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1982 жылы Қазақ КСР Орталық комитетінің хатшысы болған кезде осы саябаққа ағаш отырғызған. Қазір діңгегі қалың ағаш жайқалып тұр.
3 / 8
Сонымен қатар саябақта Еңбек ері Ыбырай Жақаев, Ұлы Отан соғысының екі дүркін батыры Талғат Бигелдинов, КСРО халық әртісі Роза Бағланова отырғызған ағаштар бар. Ливия мемлекеті мен Эстония Республикасының делегациясы да саябақта болып, ағаш отырғызған.
4 / 8
Саябақ ішінде наурыздың ортасында көк шығып, жайқалып жатыр. Соған сай қыдырып әрі демалып жүргендер қарасы қалың. Велосипед жолында осындай ұлуды да кездестіруге болады.
5 / 8
Қаладағы тағы бір танымал жер – Бәйдібек би ескерткіші. Бұл жерді Алматының Көктөбесіне ұқсататындар да бар. Ескерткіш Шымкент қаласының солтүстік бөлігінде, қаланың ең биік тұсында орналасқан. 6 700 шаршы метрлік аумақты алып жатыр.
Тарихи деректерге сәйкес, Бәйдібек би қазақ халқы үшін қиын-қыстау кезеңде кез келген дауды шешкен би. Сол себепті күншығысқа құшағын айқара ашқан мүсін сол дәуірдегі билердің ашық сипатын және болмыс-бітімінің кеңдігін бейнелеп тұр.
6 / 8
Қала бұл жерден жоғарыдан көрінеді. Зәулім монумент биіктігі - 220 метр, ал мүсін биіктігі - 10 метр.
7 / 8
Ескерткіштен төмен қарай Наурыз алаңы орналасқан. Алаң түрлі іс-шара өткізуге лайықталған. Алаңда "Ұлы жібек жолы" сахнасы, "Ауылым – алтын бесігім" сахнасы, Этноауыл саябағы бар.
8 / 8
Қала аумағында тұрғын үй құрылысы қызу жүріп жатыр. Жергілікті тұрғындар демалыста таза ауада серуендеп жүр.