Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Саябаққа кіру құны – 30 теңге: Шымкенттің көрікті жерлері – фото

Жазылу
Қазақстандағы үшінші мегаполистің көркем жерлері көп. Жергілікті тұрғындар арасында Бәйдібек би ескерткіші мен Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақ, жануарлар бағы кеңінен танымал

Сондай-ақ, Арбат пен ипподром маңында шымкенттіктермен қатар, қала қонақтары да жиі келіп серуендейді.

Қазақстанда екі дендросаябақ бар болса, соның бірі Шымкентте орналасқан. Саябақ ішінде қазақстындықтар мен шетелдік танымал тұлғалар отырғызған ағаштар бар. Мысалы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1982 жылы Қазақ КСР Орталық комитетінің хатшысы болған кезде осы саябаққа ағаш еккен. Қазір діңгегі қатты ағаш жайқалып тұр.

Оқи отырыңыз: Телефонның алғашқы түрлері – фото

Сонымен қатар саябақта Еңбек ері Ыбырай Жақаев, Ұлы Отан соғысының батыры Талғат Бигелдинов, КСРО халық әртісі Роза Бағланованың қадаған ағаштары алып бәйтерекке айналған. Сондай-ақ, Ливия мемлекеті мен Эстония Республикасының делегациясы да саябақта болып, ағаш отырғызған.

© Photo : Айгерім ТаубайҚазақстанда екі дендросаябақ бар болса, соның бірі – Шымкентте орналасқан. 1979 жылы ашылған Асанбай Асқаров атындағы дендросаябаққа кіру құны – 30 теңге. Жалпы аумағы 117 гектар саябақ ішінде әлемдегі әртүрлі географиялық аймақтардың флорасына жататын шөптесін өсімдіктердің ағаш пен бұталы түрлерінің 560-тан астам түрі өседі.
Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақ - Sputnik Қазақстан
1/8
Қазақстанда екі дендросаябақ бар болса, соның бірі – Шымкентте орналасқан. 1979 жылы ашылған Асанбай Асқаров атындағы дендросаябаққа кіру құны – 30 теңге. Жалпы аумағы 117 гектар саябақ ішінде әлемдегі әртүрлі географиялық аймақтардың флорасына жататын шөптесін өсімдіктердің ағаш пен бұталы түрлерінің 560-тан астам түрі өседі.
© Photo : Айгерім ТаубайСаябақ ішінде қазақстандықтар мен шетелдік танымал тұлғалар отырғызған ағаштар бар. Мысалы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1982 жылы Қазақ КСР Орталық комитетінің хатшысы болған кезде осы саябаққа ағаш отырғызған. Қазір діңгегі қалың ағаш жайқалып тұр.
1982 жылы Нұрсұлтан Назарбаев саябаққа отырғызған ағаш - Sputnik Қазақстан
2/8
Саябақ ішінде қазақстандықтар мен шетелдік танымал тұлғалар отырғызған ағаштар бар. Мысалы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1982 жылы Қазақ КСР Орталық комитетінің хатшысы болған кезде осы саябаққа ағаш отырғызған. Қазір діңгегі қалың ағаш жайқалып тұр.
© Photo : Айгерім ТаубайСонымен қатар саябақта Еңбек ері Ыбырай Жақаев, Ұлы Отан соғысының екі дүркін батыры Талғат Бигелдинов, КСРО халық әртісі Роза Бағланова отырғызған ағаштар бар. Ливия мемлекеті мен Эстония Республикасының делегациясы да саябақта болып, ағаш отырғызған.
Ыбырай Жақаев еккен ағаш - Sputnik Қазақстан
3/8
Сонымен қатар саябақта Еңбек ері Ыбырай Жақаев, Ұлы Отан соғысының екі дүркін батыры Талғат Бигелдинов, КСРО халық әртісі Роза Бағланова отырғызған ағаштар бар. Ливия мемлекеті мен Эстония Республикасының делегациясы да саябақта болып, ағаш отырғызған.
© Photo : Айгерім ТаубайСаябақ ішінде наурыздың ортасында көк шығып, жайқалып жатыр. Соған сай қыдырып әрі демалып жүргендер қарасы қалың. Велосипед жолында осындай ұлуды да кездестіруге болады.
Саябақтағы жәндік - Sputnik Қазақстан
4/8
Саябақ ішінде наурыздың ортасында көк шығып, жайқалып жатыр. Соған сай қыдырып әрі демалып жүргендер қарасы қалың. Велосипед жолында осындай ұлуды да кездестіруге болады.
© Photo : Айгерім ТаубайҚаладағы тағы бір танымал жер – Бәйдібек би ескерткіші. Бұл жерді Алматының Көктөбесіне ұқсататындар да бар. Ескерткіш Шымкент қаласының солтүстік бөлігінде, қаланың ең биік тұсында орналасқан. 6 700 шаршы метрлік аумақты алып жатыр.
Тарихи деректерге сәйкес, Бәйдібек би қазақ халқы үшін қиын-қыстау кезеңде кез келген дауды шешкен би. Сол себепті күншығысқа құшағын айқара ашқан мүсін сол дәуірдегі билердің ашық сипатын және болмыс-бітімінің кеңдігін бейнелеп тұр.
Бәйдібек би ескерткіші - Sputnik Қазақстан
5/8
Қаладағы тағы бір танымал жер – Бәйдібек би ескерткіші. Бұл жерді Алматының Көктөбесіне ұқсататындар да бар. Ескерткіш Шымкент қаласының солтүстік бөлігінде, қаланың ең биік тұсында орналасқан. 6 700 шаршы метрлік аумақты алып жатыр.
Тарихи деректерге сәйкес, Бәйдібек би қазақ халқы үшін қиын-қыстау кезеңде кез келген дауды шешкен би. Сол себепті күншығысқа құшағын айқара ашқан мүсін сол дәуірдегі билердің ашық сипатын және болмыс-бітімінің кеңдігін бейнелеп тұр.
© Photo : Айгерім ТаубайҚала бұл жерден жоғарыдан көрінеді. Зәулім монумент биіктігі - 220 метр, ал мүсін биіктігі - 10 метр.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент - Sputnik Қазақстан
6/8
Қала бұл жерден жоғарыдан көрінеді. Зәулім монумент биіктігі - 220 метр, ал мүсін биіктігі - 10 метр.
© Photo : Айгерім ТаубайЕскерткіштен төмен қарай Наурыз алаңы орналасқан. Алаң түрлі іс-шара өткізуге лайықталған. Алаңда "Ұлы жібек жолы" сахнасы, "Ауылым – алтын бесігім" сахнасы, Этноауыл саябағы бар.
Ауылым – алтын бесігім сахнасы - Sputnik Қазақстан
7/8
Ескерткіштен төмен қарай Наурыз алаңы орналасқан. Алаң түрлі іс-шара өткізуге лайықталған. Алаңда "Ұлы жібек жолы" сахнасы, "Ауылым – алтын бесігім" сахнасы, Этноауыл саябағы бар.
© Photo : Айгерім ТаубайҚала аумағында тұрғын үй құрылысы қызу жүріп жатыр. Жергілікті тұрғындар демалыста таза ауада серуендеп жүр.
Серуендеп жүрген қала тұрғындары - Sputnik Қазақстан
8/8
Қала аумағында тұрғын үй құрылысы қызу жүріп жатыр. Жергілікті тұрғындар демалыста таза ауада серуендеп жүр.
Жаңалықтар
0