Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Телефонның алғашқы түрлері – фото

Жазылу
Шамамен бір жарым ғасыр бұрын адам баласы телефон байланысы дегеннің не екенінен бейхабар болған. Ал қырық жылға жуық уақыт бұрын видеоқоңырау шалу нағыз фантастика еді

Байланыстың жаңа түрін ойлап тапқаны үшін алғашқы патент 145 жыл бұрын - 1876 жылдың наурызында Александр Беллге берілген. Беллмен бір уақытта басқа өнертапқыш Элиш Грей де патентке өтініш жолдаған. Сондықтан телефонның "әкесі" кім деген сауал төңірегіндегі дау ұзаққа созылды. 

Заманауи телефон байланысын әзірлеуге профессор Долбеардан бастап Томас Эдисонға дейін көп адам үлес қосты. Осылайша өнертапқыш Ваденнің арқасында телефон қоңырауы пайда болса, орыс электр технигі Голубицкий микрофондарға тоқ беру жүйесін және тұрақты магниттері бар ерекше аппарат ойлап тапты. Ал Томас Эдисон көмір ұнтағы бар микрофон дайындады. Бұл микрофон 1990 жылдың басына дейін еш өзгеріссіз белсенді қолданылып келді. Кей жерлерде күні бүгінге де пайдаланылуда. 

Алғашқы телефондар кеңсе немесе басқа орында орналасқан аппаратпен бір клиент резиденциясы арқылы бір-біріне тікелей байланысты болды. Алайда қолайсыздығына байланысты бұл жүйелер ортадан тепкіш таратушы қол қалқанына ауыстырылды. Бұл стационарлық телефон байланысының пайда болуына себепші болды. Яғни онда әрбір телефон ерекшеленген жұп сыммен орталық кеңседегі жергілікті коммутациялық жүйеге қосулы болды. Орталық кеңсе 1900 жылдардың басынан бастап толығымен автоматтандырылған жүйеге көшті. 

Абоненттерді арнайы қызметкер – телефонист бір-біріне қосып отырды. Ол жұмыс орнындағы қабырғада белгілі бір тәптіппен орналасқан арнайы саңылауларға түйісуі бар сымдарды кіргізіп отырды. 

Телефонист мамандығы 90-шы жылдарға дейін қажетті кәсіптің бірі болды. Телефонның одан кейінгі дамуында электретті микрофон, қатты дауыс шығу мүмкіндігі, дыбысты цифрлық қысымдау секілді жаңашылдықтар болды. Жаңа технологиялар: IP-телефония, ISDN, DSL, ұялы байланыс, DECT.

© Photo : Public domain / Library of CongressБойжеткен телефонмен сөйлесіп тұр, 1905 жыл
Бойжеткен телефонмен сөйлесіп тұр, 1905 жыл - Sputnik Қазақстан
1/15
Бойжеткен телефонмен сөйлесіп тұр, 1905 жыл
CC0 / Reinraum / first electromagnetic selector of Almon B StrowgerЭлмон Браун Строуджердің алғашқы электрмагнитті селекторы
Первый электромагнитный селектор Элмона Брауна Строуджера - Sputnik Қазақстан
2/15
Элмон Браун Строуджердің алғашқы электрмагнитті селекторы
© AP Photo 1938 жылы Кливлендте әлеуметтік көмек көрсету бюросындағы қызметкер тамақ талап етуге келген азаматтарға жауап беріп жатыр. Ал оның үстелінде телефон тұр
Люди во время требования еды в Кливленде, 1938 год - Sputnik Қазақстан
3/15
1938 жылы Кливлендте әлеуметтік көмек көрсету бюросындағы қызметкер тамақ талап етуге келген азаматтарға жауап беріп жатыр. Ал оның үстелінде телефон тұр
© AFP 2024Телефон аппараттарының үстінде қалықтаған америкалық "Интелсат-1" спутнигі, 1965 жыл
Американский спутник Интелсат-1 над телефонными аппаратами, 1965 год  - Sputnik Қазақстан
4/15
Телефон аппараттарының үстінде қалықтаған америкалық "Интелсат-1" спутнигі, 1965 жыл
© AP Photo Қалааралық байланысы бар телефон автоматының алдында тұрған бойжеткен, 1957 жыл
Немецкая девушка во время использования телефона с междугородной связью, 1957 год  - Sputnik Қазақстан
5/15
Қалааралық байланысы бар телефон автоматының алдында тұрған бойжеткен, 1957 жыл
CC BY-SA 2.0 / Rama / CNAM-IMG 0564Өнер музейіндегі Александр Белл телефонының түпнұсқасының көшірмесі, Париж
Копия оригинального телефона Александра Белла из Музея искусств и ремесел в Париже  - Sputnik Қазақстан
6/15
Өнер музейіндегі Александр Белл телефонының түпнұсқасының көшірмесі, Париж
© AFP 2024 / Andrew Lopez / ACMEФранцуз әншісі Жан Саблон тыңдармандармен телефон арқылы сөйлесіп жатыр, 1949 жыл
Французский певец Жан Саблон разговаривает по телефону со слушателями, 1949 год  - Sputnik Қазақстан
7/15
Француз әншісі Жан Саблон тыңдармандармен телефон арқылы сөйлесіп жатыр, 1949 жыл
© Sputnik / Z. Kazenas / Медиабанкке өту"Гинтарас" қонақ үйіндегі бөлме. Архитекторлар - С. Барейкис пен Т. Балинскас. Литва КСР, 1966 жыл
В номере гостиницы Гинтарас, 1966 год  - Sputnik Қазақстан
8/15
"Гинтарас" қонақ үйіндегі бөлме. Архитекторлар - С. Барейкис пен Т. Балинскас. Литва КСР, 1966 жыл
© AP Photo Токиодағы Орталық телефон станциясы ғимаратындағы жапон бойжеткендері, 1937 жыл
Японские девушки в здании Центральной телефонной станции в Токио, 1937 год  - Sputnik Қазақстан
9/15
Токиодағы Орталық телефон станциясы ғимаратындағы жапон бойжеткендері, 1937 жыл
© AFP 2024Аденге жақын маңда телефон желісін тексеріп жүрген түйе мінген сарбаз, 1962 жыл
Проверяющий телефонную линию солдат на верблюде недалеко от Адена, 1962 год  - Sputnik Қазақстан
10/15
Аденге жақын маңда телефон желісін тексеріп жүрген түйе мінген сарбаз, 1962 жыл
© AFP 2024 / Pierre BessardТелефонды пайдаланып жатқан Пхеньяндағы бойжеткен полицейлер, 1991 жыл
Девушки-полицейские с телефоном в Пхеньяне, 1991 год  - Sputnik Қазақстан
11/15
Телефонды пайдаланып жатқан Пхеньяндағы бойжеткен полицейлер, 1991 жыл
© AP Photo Лондондағы телефон торабы қызметкері газға қарсы бетперде киіп жұмыс істеу әдісін көрсетіп жатыр, 1938 жыл
Сотрудница лондонского телефонного узла во время демонстрации работы в противогазе, 1938 год  - Sputnik Қазақстан
12/15
Лондондағы телефон торабы қызметкері газға қарсы бетперде киіп жұмыс істеу әдісін көрсетіп жатыр, 1938 жыл
© Sputnik / Медиабанкке өту"Молния-1" кеңестік спутник байланысының көмегімен әңгімелесуге болатын Владивостоктағы телефон торабының қызметкері. "Ғарыш көпірі" кинофильмінен кадр
Сотрудница телефонного узла во Владивостоке - Sputnik Қазақстан
13/15
"Молния-1" кеңестік спутник байланысының көмегімен әңгімелесуге болатын Владивостоктағы телефон торабының қызметкері. "Ғарыш көпірі" кинофильмінен кадр
© AFP 2024Париждегі Елисей алқабындағы телефон үйшігінің жанындағы сәнқой бойжеткен, 1969 жыл
Модель у телефонной будки в Париже, 1969 год  - Sputnik Қазақстан
14/15
Париждегі Елисей алқабындағы телефон үйшігінің жанындағы сәнқой бойжеткен, 1969 жыл
© AP Photo / Walter LindlarГерманияда адамдар телефон үйшіктерінде орналасқан аппарат арқылы байланысқа шығып жатыр, 1959 жыл
Люди звонят в прозрачных телефонных будках в Германии, 1959 год  - Sputnik Қазақстан
15/15
Германияда адамдар телефон үйшіктерінде орналасқан аппарат арқылы байланысқа шығып жатыр, 1959 жыл
Жаңалықтар
0