Өңірлер

Жезқазғанда балабақша құрамында алкоголь бар 100 келі кәмпит сатып алмақ болған

Қалалық білім бөлімі мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған сипаттамада техникалық қате кеткенін айтып, балабақша жетекшілері жауапкершілікке тартылатынын хабарлады
Sputnik

АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. Жезқазған қаласындағы балабақшалардың бірі құрамында алкоголь бар 100 келі шоколад орамасын сатып алуды жоспарлаған. Бұл туралы ақпарат Instagram желісіндегі Protenge парақшасында жарияланды. 

Жезқазғанда балабақша құрамында алкоголь бар 100 келі кәмпит сатып алмақ болған

Ал мемлекеттік сатып алулар сайтында құрамында алкоголь бар шоколадтың бір келісі 1 300 теңге тұратыны хабарланған. 100 келі шоколадтың бағасы -  130 000 теңге. Бір қызығы, кәмпиттің құрамында алкоголь болуы қажет екені жазылған.

Осыған байланысты Жезқазған қаласының білім бөлімі техникалық қате кеткенін мәлімдеді.

"2021 жылдың 2 наурызында "Балдырған" бөбекжайы КМҚК "тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша" мемлекеттік сатып алу порталына берілген сипаттамада техникалық қателік кеткен. Осыған байланысты 2021 жылдың 16 наурызында конкурс рәсімдері тоқтатылды", – деп хабарлады қаланың білім бөлімі.

Оқи отырыңыз: Кәмпит ұрлағаны үшін ұсталған жасөспірім түрмеде өлді

Мекеменің хабарлауынша, "Балдырған" бөбекжайының басшысына қатысты тиісті шаралар қабылданады.