Өңірлер

Жезқазғанда балабақша құрамында алкоголь бар 100 келі кәмпит сатып алмақ болған

© Photo : pixabay/CongerdesignШоколад конфеті
Шоколад конфеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2021
Жазылу
Қалалық білім бөлімі мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған сипаттамада техникалық қате кеткенін айтып, балабақша жетекшілері жауапкершілікке тартылатынын хабарлады

АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. Жезқазған қаласындағы балабақшалардың бірі құрамында алкоголь бар 100 келі шоколад орамасын сатып алуды жоспарлаған. Бұл туралы ақпарат Instagram желісіндегі Protenge парақшасында жарияланды. 

© Photo : Скриншот с портала госзакупокМемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот
Жезқазғанда балабақша құрамында алкоголь бар 100 келі кәмпит сатып алмақ болған - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2021
Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот

Ал мемлекеттік сатып алулар сайтында құрамында алкоголь бар шоколадтың бір келісі 1 300 теңге тұратыны хабарланған. 100 келі шоколадтың бағасы -  130 000 теңге. Бір қызығы, кәмпиттің құрамында алкоголь болуы қажет екені жазылған.

Осыған байланысты Жезқазған қаласының білім бөлімі техникалық қате кеткенін мәлімдеді.

"2021 жылдың 2 наурызында "Балдырған" бөбекжайы КМҚК "тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша" мемлекеттік сатып алу порталына берілген сипаттамада техникалық қателік кеткен. Осыған байланысты 2021 жылдың 16 наурызында конкурс рәсімдері тоқтатылды", – деп хабарлады қаланың білім бөлімі.

Оқи отырыңыз: Кәмпит ұрлағаны үшін ұсталған жасөспірім түрмеде өлді

Мекеменің хабарлауынша, "Балдырған" бөбекжайының басшысына қатысты тиісті шаралар қабылданады.

Жаңалықтар
0