Әлем

Кәмпит ұрлағаны үшін ұсталған жасөспірім түрмеде өлді

© AFP 2024 / NOEL CELISТүрме күзетшісі, архивтегі фото
Түрме күзетшісі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Трагедия болған күні жасөспірім түрме қызметкерлерінен көмек сұраған, алайда олар бозбаланың сөзін елемеген

АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Ұлыбританияда кәмпит ұрлағаны үшін түрмеге түскен жасөспірім өзіне қол салды. 18 жастағы Освальдас Пагирис Лондондағы Уандсворт түрмесінен Литваға экстрадициялануы тиіс болған, деп жазды life.ru.

Шатырда отырған адам - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Петропавлда өз-өзіне қол салмақ болған ер адамды полиция құтқарды
Ол қамауға алынған үш айдың ішінде бес рет өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Ал трагедия болған күні жалғыз адамдық камераға ауыстырылыпты. Пагирис туыстары Лондонда тұратындықтан Литваға қайтып барғысы келмейтінін айтқан. 

Пагирис өзіне қол салған күні камерадан қоңырау шалған, алайда түрме қызметкерлері 37 минуттан кейін бір-ақ келген, бұл уақытта жасөспірім ес-түзссіз жатқан. Үш күннен кейін ол көз жұмды. 

Алқабилер трагедияға түрме қызметкерлері мен дәрігерлердің көптеген қателігі себеп болды деген шешімге келді. Сонымен қатар, жасөспірімнің психикалық ауытқушылығы бар екенін ешкім білмеген.  


Жаңалықтар
0