Өңірлер

Петропавлда өз-өзіне қол салмақ болған ер адамды полиция құтқарды

© AP Photo / Darko VojinovicШатырда отырған адам
Шатырда отырған адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Болған оқиғадан соң ер адамды ауруханаға апарып, медициналық тексеруден өткізген

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Петропавлда ғимараттың төбесіне шығып, өз-өзіне қол салмақ болған ер адамды  облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Думан Таев райынан қайтарды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қызылордада жасөспірім өз-өзіне қол салмақ болған

"Петропавл қаласының 1981 жылы туған тұрғыны Букетов көшесіндегі 38-ші үйдің төбесіне шығып, секірмек болған. Оқиға сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізілді. СҚО ІІД басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Думан Таев арнайы техниканы пайдаланып, шатырға шығып, қала тұрғынын райынан қайтарды", — деп мәлімет берді СҚО ІІД баспасөз қызметі.

Ер адам не үшін өз-өзіне қол салмақ болғанын айтқан жоқ. Үшінші қалалық ауруханада дәрігерлер тұрғынды қараған, бірақ ол сот-медициналық сараптама жасатып, медициналық анықтама алудан бас тартты.

Жаңалықтар
0