Қоғам

Қызылордада жасөспірім өз-өзіне қол салмақ болған

CC0 / / Жасөспірім
Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Психологтардың жасөспірімдерге қалай көмектесетіні туралы БҰҰ Балалар қоры айтып берді

АСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. БҰҰ балалар қоры Қызылорда облысында өз-өзіне қол салмақ болған баланың қалай құтқарылғаны туралы айтты.

"Мұхамеджанның әңгімесіне сүйенсек, мұндай ойлар мен психологиялық проблемалар кез келген балада болуы мүмкін: ата-анасымен бірге тұра ма, жоқ па, ауқатты отбасынан шыққан ба – бәрі бір", — деп атап өтті қор.

Жасөспірім шығармасында ауқатты толыққанды отбасыдан шыққанын, екі қарындасы бар екенін жазыпты.

Қыз қолымен жүзін жауып отыр - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Теміртауда он жасар бала өзіне қол салды

"Бірақ, отбасы болғасын ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды дейді ғой. Үй ішіндегі жанжалдан әбден жалыққаным сонша, алысқа кетіп қалғым келді. Мұндай жайт менің басымда ғана бардай көрініп, тығырықтан шығар жалғыз жол – өлім деп ойладым. Бірақ маған мектептегі психологымыз Алтынбекова Жадыра көмектесті", — дейді ол.

Баланың айтуынша, психолог суицидтің алдын алу туралы тренинг өткізіп, сауланама жүргізген соң, көмегіне жүгінуге шешім қабылдапты.   

"Сұхбат кезінде психолог әртүрлі кеңес беріп, өмірге деген көзқарасымды өзгертті. Бұрын ақша бәрін шешеді деп ойлайтынмын, бірақ ол кісімен әңгімелескен соң жасаған ісіңнен рахат алуға болатынын түсіндім. Өмірдегі ең бай адам – рухы берік адам екенін ұқтым. Сөз сүйектен өтетін шығар, бірақ сонымен бірге жанға дауа бола алады, психологтың айтқаны – соған дәлел", — деп атап өтті Мұхамеджан.

Оқушының жазғанындай, мұғалімдер арасында да сондай тренинг жүргізіліпті, содан кейін олар оқушыларға мейіріммен қарай бастаған екен. 

Психолог оқушыларға берген сабағында психологиялық күйіміз де, деніміздің саулығындай аса маңызды екенін түсіндірген. 

"Қажетті энергия алу үшін уақытылы ас-су ішуіміз керек. Сол сияқты психологиялық денсаулығымыз үшін қуанышты сәттерден рахат алуымыз қажет, жұмысымыздан ләззат алып, бос уақытымызды қызықты өткізген жөн", — деп жасөспірім психолог Жадыра Алтынбекованың сөздерін еске алады.

Жаңалықтар
0