НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Ер адамның денесі 12А ықшамауданындағы жылу құбыры құдығының ішінен табылды, деп хабарлайды жергілікті lada.kz басылымы.
Ер адамның мәйіті 24 ақпан күні құдық ішінен табылған.
"Аталған фактіге байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полицейлер адам өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады", – деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Іnstagram желісіндегі na_dorogah_aktau парақшасында жарияланған видеода жылу құбырлары түйіскен тұстағы құдық маңында бірнеше құқық қорғау органдарының қызметтік көліктері тұрғанын байқауға болады.
"12А ықшамауданындағы жылу құбыры жүргізілген құдық маңына жиналған қызметтік көліктер. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп жазылған ақпаратта.
Оқи отырыңыз: Ан-148 құлаған жерде мыңнан астам мәйіт бөлігі табылды
Айта кетейік, 25 ақпан күні Ақтау қаласында бірнеше күн бұрын жоғалған 2002 жылы туған қыздың мәйіті теңіз жағалауынан табылғаны хабарланған.