Оқиға

Ан-148 құлаған жерде мыңнан астам мәйіт бөлігі табылды

© МЧС РФ / Медиабанкке өтуҰшақ апаты
Ұшақ апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаза тапқандардың мәйітін іздеу апта бойы жалғаспақ

АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Ан-148 құлаған жерде мыңнан астам мәйіт бөлігі мен 500-ге жуық ұшақ сынығы табылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Ан-148 апаты - Sputnik Қазақстан
Фото
Ан-148 құлаған жерде түсірілген кадрлар

"Ұшақтың апатқа ұшыраған жерінде 1400 мәйіт бөлігі мен 495 ұшақ бөлшегі табылды", — деді төтенше оқиға орнындағы жедел штаб өкілі. 

Оқиға орнында іздеу жұмыстарын жүргізуге қалың жауған қар кедергі келтіріп отыр, арнайы техника мен дрондар жұмылдырылған. Іздеу шаралары тағы бір аптаға созылады.

Екі қара жәшік те табылып, Мемлекетаралық авиациялық комитет талдау жұмыстарын бастап кетті.

Мәскеу-Ор бағытында ұшқан Ан-148 ұшағы жексенбі күні апатқа ұшырады, бортта алпыс бес жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Бәрі қаза тапты.

Жаңалықтар
0