Өңірлер

Ақтауда жылу құбыры жүргізілген құдықтан ер адамның мәйіті табылды

© Photo : ДЧС АстаныҚұдық
Құдық - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2021
Жазылу
Ақтау қаласында бірнеше күн бұрын жоғалған 2002 жылы туған қыздың мәйіті 25 ақпан күні теңіз жағалауынан табылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Ер адамның денесі 12А ықшамауданындағы жылу құбыры құдығының ішінен табылды, деп хабарлайды жергілікті lada.kz басылымы.

Ер адамның мәйіті 24 ақпан күні құдық ішінен табылған.

"Аталған фактіге байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полицейлер адам өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады", – деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Іnstagram желісіндегі na_dorogah_aktau парақшасында жарияланған видеода жылу құбырлары түйіскен тұстағы құдық маңында бірнеше құқық қорғау органдарының қызметтік көліктері тұрғанын байқауға болады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от На дорогах Актау (@na_dorogah_aktau)

"12А ықшамауданындағы жылу құбыры жүргізілген құдық маңына жиналған қызметтік көліктер. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп жазылған ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Ан-148 құлаған жерде мыңнан астам мәйіт бөлігі табылды

Айта кетейік, 25 ақпан күні Ақтау қаласында бірнеше күн бұрын жоғалған 2002 жылы туған қыздың мәйіті теңіз жағалауынан табылғаны хабарланған.

Жаңалықтар
0