ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аясындағы әскери-саяси ахуал әлі де күрделі болып отыр. АҚШ-тың Еуропадағы әскери күшінің кеңеюі, бірқатар батыс мемлекетінің коалициялық және ұлттық әскери әлеуетінің күшеюі, Ауғанстан мен Сириядағы қарулы қақтығыстардың өршуі, халықаралық терроризм мен діни экстремизм ұйым мүшелеріне қауіп төндіруде. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі қауіп-қатерлерге бірлескен әскери дайындық шаралары арқылы жедел жауап беріп отыр. Бұл туралы 25 ақпанда Мәскеуде өткен баспасөз конференциясында ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы генерал-полковник Анатолий Сидоров мәлімдеді.
Польшадағы, Балтық жағалауындағы елдердегі, Болгариядағы және Румыниядағы әскери базаларда Пентагонның қару-жарақтарын, әскери техникасы және материалдарын жүйелі түрде жинақтау жалғасуда. Вашингтон мен Варшава арасындағы қорғаныс саласындағы кеңейтілген ынтымақтастық туралы келісім поляктердің жерінде 20 мыңға дейін америкалық әскерді тұрақты орналастыруға арналған инфрақұрылым нысандарын салуды көздейді.
ҰҚШҰ елдері Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Кавказ бағыттарындағы сын-қатерлерге жауап беруге мәжбүр. 2021 жылғы әскери оқу-жаттығулар антитеррористік бағытта ұйымдастырылып, жауынгерлік дағдыларды жетілдіруге және ҰҚШҰ қорғаныс әлеуетін арттыруға бағытталған.
Тәжікстан Республикасының аумағында өтетін "Мызғымас бауырластық-2021" бірлескен жедел-стратегиялық оқу-жаттығулары маңызды шараға айналмақ. Бұл шара ҰҚШҰ Ұжымдық күштерінің түрлі компоненттерін даярлауды біріктіретін болады.
Орталық Азия аймағындағы оқу-жаттығулар кезінде Ұжымдық күштер тобы алдын ала жоспарға сәйкес ҰҚШҰ аумағына халықаралық террористік ұйымдардың содырлары кіруіне кедергі келтіріп, оқ-дәрі мен қару тасымалдау жолын кеседі. Одан кейін РФ аумағында ҰҚШҰ Бітімгерлер күшімен "Мызғымас бауырластық-2021" бірлескен оқу-жатығулары өтеді.
Америкалық топтың Шығыс Еуропа бағытындағы шабуыл күшінің өсуі Беларусь пен Ресей үшін нақты қауіп-қатер болып отыр. Мұнда "Күшейтілген озық қатысу", "Атлантикалық батылдық" және Балтық елдерінің әуе кеңістігін қорғау миссиясында бір уақытта 12 мыңнан астам НАТО әскері жұмылдырылған.
Сонымен қатар, "Солтүстік" (Латвия), "Солтүстік-Шығыс" (Польша), "Оңтүстік-Шығыс" (Румыния) көпұлтты дивизиялар штабы құрылды. Румынияда көпұлтты корпустың штабын орналастыру бойынша келіссөздер жүріп жатыр. 2020 жылдың қарашасында Кентукки штанынан келген АҚШ құрлықтағы әскерінің 5-ші армия корпусы штабының жұмысы Польшада қайта жаңғыртылды. Литва қарулы күштерінің "Пабраде" полигонында Беларусь Республикасының мемлекеттік шекарасына жақын маңда америкалық танк батальоны орналастырылды.
НАТО барлау мүмкіндіктерін арттырап, ядролық әлеуетті соғыс жағдайында қолдануға дайын ұстап отыр.
НАТО қызметінің негізгі бағыттары Вашингтонның тікелей бақылауымен орындалады. Аййта кету керек, "ресейлік агрессияны ұстап тұруға" дайындық ұйымның барлық дерлік доктриналық құжаттарында бекітілген. Ақ үйдің сыртқы саясатының басты бағыты әскери күш қолдану арқылы әлемдік көшбасшылықты қамтамасыз ету екеніне күмән жоқ.
Аймақтағы қауіпсіздікке "Ислам мемлекетінің" Ауғанстандағы филиалы – "Вилаят Хорасан" (Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым) да қауіп төндіруде. Оның құрамында 4 мыңға жуық содыр бар. Бұл жасақтар шығыс және солтүстік провинцияларда аса белсенді. Лаңкестер Тәжікстан және Пәкістанмен шекаралас аудандарға бақылау орнатып, ыңғайлы плацдарм құруды және одан әрі Орталық Азия мемлекеттерін басып алуды көздейді.
Ауғанстанда сонымен қатар "Өзбекстан ислам қозғалысы", "Әл-Каида", "Шығыс Түркістанның ислам қозғалысы" террористік топтары бар. Оның құрамындағы содырлар саны барлығы 2 500-ге жуық.
Кавказ аймағындағы ұжымдық қауіпсіздікте Грузияның НАТО-мен әскери ынтымақтастығының артуы, өңірдегі АҚШ-тың әскери қатысуы байқалады. Жақында Брюссельде өткен кездесулер нәтижесінде ел билігі мен Солтүстік Атлантикалық Альянс "НАТО – Грузия шараларының маңызды пакеті" толықтырылды. Тараптар 2021 жылы бірлескен жедел және әскери дайындық іс-шараларын арттыру жөнінде келісті.