НАТО елдерінің қорғаныс министрлері екі күндік видеоконференция өткізеді. Бұл АҚШ билігіне Джо Байден келгеннен кейінгі алғашқы саммит. Бұл кездесудің нәтижесі бүкіл әлемге ықпал етпей қоймайды.
Оған Ресей мен Қытайды басты жау ретінде қарастыратын альянстың жаңа стратегиялық концепциясына дайындықты талқылау ғана себеп емес. Саммитте алдағы айлардағы қызу текетіреске себепші болатын тағы бір маңызды шешім қабылданады. Осы туралы РИА Новости материалында.
Дональд Трамп билікте болған кезде АҚШ ешбір елге қарсы соғыс бастамағаны баршаға мәлім. Бұл бірнеше ондаған жылдан бері болмаған жағдай еді. Сондай-ақ, Трамп барлық соғысты тоқтатуға тырысты. Ол Америка сарбаздарын елге қайтаруға әрекет етті. Осы мақсатта Ауғанстан бойынша сәйкес әрекеттер жасады. Бір жыл бұрын Вашингтон елдің басым бөлігінде билік жүргізетін тәлібтермен америкалық сарбаздарды Ауғанстан аумағынан шығару туралы келісім жасады. Олар 1 мамырға дейін елден кетуі керек. Яғни, Ауғанстанды толық деоккупациялаудың аяқталуына небәрі екі жарым ай уақыт қалды.
Трамп әскерлер саның он мыңнан 2,5 мыңға дейін қысқартты. Бірақ, Ауғанстанда америкалықтардан басқа НАТО-ның 7,5 мың сарбазы бар. Оларды да шығару керек. Алайда, қазір әскерді елден әкету мәселесі туралы шешімнің күші жойылуы мүмкін. Міне, НАТО елдерінің қорғаныс министрлері осы мәселені талқылайтын болады.
Американың жаңа әкімшілігі Ауғанстан кетуге ниетті емес. Ресми млімет жасамаса да, Вашингтон "тәлібтер келісім талаптарын орындап жатқаны әлі тексеріледі", "келісімқайта қарастырылады" деген уәждер айтуды бастады. Жаңа мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен өткен жылы АҚШ Ауғанстанда қалуы керек екенін айтқанына қарағанда, бұл мәселе шешіліп қойған сыңайлы. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг "Ауғанстандағы миссия" бойынша шешім күрделі болатынын айтты:
"Біз елде қалып, әскери әрекеттерді жалғастыра аламыз. Немесе, Ауғанстаннан кетіп, оның террористердің отанына айналуына жол беруіміз мүмкін. Таңдау жасау оңай емес. Тәлібтер зорлық-зомбылықты азайту және террористік ұйымдармен байланысын үзу бойынша өз уәделерін орындаулары керек. Бірақ, қазір біз кереғар жағдайдың куәсі болып отырмыз".
Столтенберг әдейі жаңылыстырып жатқан секілді: тәлібтер НАТО күштеріне шабуыл жасамауға қатысты міндеттемелерді бұзып жатқан жоқ. Ал, ауғанішілік текетірестерге келсек, оны тоқтату мүмкін емес. Егер қазір Вашингтон әскерді Ауғанстаннан шығару туралы шешімнің күшін жойса, онда ауған жерінде толық көлемде соғыс басталады. Тәлібтер ел аумағының төрттен үш бөлігін бақылауда ұстап отыр.
Америкалықтар әскерді шығаруға қатысты алаяқтық жасаса, онда олар НАТО ығында тұрған кабулдық үкімет пен америкалық сарбаздарға қарсы әрекеттерді қайта жаңғыртуы ықтимал. Әлде Байденнің көздегені осы ма?
Бұл күрделі мәселені мейлінше оңтайлы шешудің жалғыз жолы – коалициялық үкімет құру. Америка мен тәлібтер арасындағы келісімде осы жайт қарастырылғаны сөзсіз. Бірақ, Кабул үкіметі тәлібтермен ымыраға келуден қорқақтайды. Олардың ауғанішілік келіссөздерді кейінге қалдыра беруінің басты себебі де осы. Олар Вашингтондағы биліктің ауысуын күтті ме? Әрине. Бірақ, Байден мыңдаған америкалық сарбазды Ауғанстанға жөнелтіп, ол елде қайта соғыс бастауға дайын ба? Осының барлығы ары кетсе екі-үш жылдан кейін бәрібір Ауғанстан аумағынан кету үшін жасалады ма
Бастапқыда, АҚШ Ресей мен Қытайды қоса алғандар бүкіл Орталық Азияға ықпал ету нүктесіне қол жеткізу үшін Ауғанстанға орнығуды қалады. Бірақ, жиыр жылдық тәжірибе бұл ойдың жүзеге аспағанын көрсетіп отыр. Тәлібтер ешқайда кеткен жоқ және елді билеуді жалғастырып жатыр. Атлантшылардың бүкіл әлемді басқару бойынша жаһандық жоспарымен Трамптың ісі болған жоқ. Ол сондықтан әскерді елден шығарып, Ауғанстан жайлы ұмытқысы келді. Ал, Байден мен оның әкімшілігі Американың бүкіл әлемге көшбасшылық ету қабілетіне сенеді. Оның өзінде олар Ауғанстанда ұзақ тұрақтау екіталай екенін жақсы түсініп отыр. Сол себепті Байден кезінде америкалықтардың ауған жерінен кетуінің ықтималдылығы жоғары.
Қазір Вашингтонның алдында екі жол тұр.
Оның біріншісі – тәлібтер соғыс әрекеттерін қайта бастайды, АҚШ әскер санын арттырады, ауған армиясына қолдау білдіруге тырысады, бірақ, мұның барлығы еш нәтже алып келмейді. Содан кейін америкалықтармен қайтадан келіссөздер жүргізуге тырысады, әскерді шығару мерзімін келіседі. Күндердің бір күнінде тәлібтер кезекті шабуыл кезінде Кабулды басып алады. Америкалықтар масқара болып, әскерді жедел эвакуациялауға көшеді.
Ал екінші жол үшін Амеркаға Ресей қажет болады. Олар қазір елден әскерді шығаруды тқоқтату уақытша шара екеніне, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатыныга, 2020 жылдың ақпанындағы келісім өз күшінде екеніне тәлібтерді көндіру керек. Тәлібтер бұған сенеді ме? Иә, әбден мүмкін. Бірақ, ол үшін ауғанішілік келіссөздерді жедел бастау керек. Ол үшін АҚШ, Ресей жәәне Қытай бірлесіп жатып Кабул үкіметіне біршама қысым көрсетулері керек. Яғни, тәлібтерге әскердің ауған елінен шығатынына ұлы державалардың кепілдігі керек болады.
Ресей америкалықтарды осы жолды таңдауға шақырып отыр. Белгілі болғандай, ақпан айының соңына дейін Мәскеуде Ауғанстандағы жағдайды реттеу бойынша көпжақты кездесу өтеді. Оған Ресей, АҚШ, Қытай және Ауғанстанның ықпалды екі көршісі – Пәкістан мен Иран қатысады. Иранның бұл кездесуге қатысатыны әлі нақты болмағанымен, Байден әкімшілігі шараға дайын екенін мәлімдеді.