Әлем

Байден билікке келгелі НАТО-ның көзқарасы өзгерді ме?

Вашингтон одақтастарының неге мазасызданып жатқанын жақсы түсініп отыр. Пентагонның жаңа басшысы Ллойд Остин Амерка альянс құндылықтарын ұстанатынын айтып, оларды сабырға шақырды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан — Sputnik. Солтүстік Атлантика альянсы құрылымдық реформаларға дайындалып жатыр. Реформалар ұйым мүшелеріне ғана емес, көрші елдерге де әсер етеді. Джо Байден АҚШ президенті болып сайланғаннан бері жоспарлар ауқымы кеңейе бастады: жаңа стратегияға Украинаны, Қырымды және Қара теңіз аймағын енгізу көзделіп отыр. Тағы бір маңызды мақсат – Ресей мен Түркияны жанжалдастыру, деп жазды РИА Новости.

НАТО-ның мақсаты мен көздегені туралы альянстың қорғаныс министрлері 17 ақпанда талқылайды. Бұл кездесу наурыз айына белгіленген жылсайынғы саммит алдында өтеді. Әріптестер қазір күн тәртібіндегі мәселелерді пысықтап, оны бекіту үшін ұйымның бас хатшысына ұсынып жатыр. АҚШ билігінің ауысуы да бірқатар өзгеріс алып келетіні анық.

Джо Байден Америка экономикасын құрдымға кетіре ме?
Альянстағылар АҚШ әлі де трансатлантикалық қауіпсіздіктің кепілі екенін жасырмайды. Олар Джо Байден де одақтастарын бағалайды деп үміттенуде. Олар үшін қазір Дональд Трамп кезіндегідей ұйым ішіндегі текетіресті ушықтырып алмау маңызды болып отыр.

Күні кеше португалиялық министр Доау Гомеш Кравиньу "Трамптың президент болуы идеологиялық эксперимент болды. Оның салдары әлемдегі АҚШ беделіне үлкен нұқсан тигізді" деді. Мюнхень қауіпсіздік конференциясының төрағасы Вольфранг Ишингер де үнсіз қалмады. Ол "Еуропалықтар" төрт жылдан кейін америкалықтар көзқарасы Трамптың ұстанымына ұқсас азаматты президент етіп сайласа не болады?" деген сұраққа өздері жауап беруі керек" деп тоқетерін айтты.

Жалпы, Вашингтон одақтастарының мазасыздығын жақсы түсініп отыр. Пентагонның жаңа басшысы Ллойд Остин Амерка альянс құндылықтарын ұстанатынын айтып, оларды сабырға шақырып отыр.

Басты секптик саналатын Германия мен Франция үшін Байден әкімшілігі АҚШ президенті мен альянс бас хатшысы Йенс Столтенберг арасындағы келіссөздердің видеосын жариялады. Видеода Байден ұжымдық қорғаныс бойынша міндеттер Вашингтон үшін қасиетті екенін баса айтады.

Алайда бұл АҚШ Трамптың басты талабынан бас тартады дегенді білдірмейді. Алдыңғы президент альянс мүшелерінің қорғаныс шығындарын ЖІӨ 2 процентіне дейін арттыруды талап еткен болатын. Ведомство басшыларының кездесуінде бұл мәселені талқылау бірінші кезекте тұр.

Столтенберге те қорғаныс шығындарын ұлғайтуға үміт артып отыр. Ол ешбір мемлекет үшін жеңілдік болмайтынын мәлімдеді.

"Бұл жақында ғана ұйымға кірген Солтүстік Македонияға да қатысты. Ешқандай өтпелі кезең болмайды", - деп кесіп айтты ол.

НАТО Ресейде 5G ұялы байланысының жаңа буынын іске қосуға қарсы шықты – видео
Пентагон қорғаныс шығындарына қатысты Байден мен Трамп көзқарастарын екі түрлі етіп көрсетуге тырысты. Америкалық әскерилердің пікірінше, АҚШ-тың жаңа президенті бұл қаражатты тек қорғаныс шығыны емес, сондай-ақ медицина мен жаңа пандемияның алдын алуға жұмсалатын шығын деп қарастыратынын айтты.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары кездесуде 2020 жылдың соңында альянс аналитиктері дайындаған "НАТО – 2030" баяндамасын да талқылайды. Осы зерттеу негізінде олар алдағы жылдарға арналған стратегияны әзірлейді.

Баяндама авторларының пікірінше, Қытай мен Ресей тарапынан үлкен қатер төніп тұр. Бірақ басқа аймақтарға да үлкен көңіл бөлінген. Альянс мүшелері Америка әскерін Ауғанстаннан шығаруға асықпауға, Сирия мен Иракқа зер салуға шақырады.

Жаңа стратегияда Қара теңіз аймағын ерекше атап көрсеткен. Түркия, Украина, Грузия нысанаға алынған секілді. Натолықтар бұл елдердің қауіпсіздігі Еуропа мен Америкадағы жағдайға тікелей әсер ететініне сенімді.

Құжат авторлары Анкараны трансатлантикалық орбитаға қайтару НАТО-ның мүддесіне сәйкес келетінін айтқан. Арадағы байланысты нығайту бойынша АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен алғашқы қадам жасады. Ол күні кеше Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглуға телефон соғып, Батыс пен Анкара арасындағы проблемаларды талқылады. Бірақ әңгіме ойдағыдай бола қоймады. Себебі, Блинкен ең алдымен ресейлік С-400 зениттік-зымыран кешенінен бас тартуды талап етті.

Сонымен қатар, альянстың қорғаныс министрлері Киевтің Қырымға жақын маңдағы әуе кеңістігін қолдану туралы ұсынысын да талқылайды. Мұнда Симферопольдің ұшу ауданын альянсқа ұсыну туралы бастама сөз болып отыр. Қырым Ресейге қосылғаннан кейін Қара теңіз үстіндегі ұшуларды бақылау қақ жарылды. Симферопольдегі ресейлік диспетчерлер түбектегі қозғалысты бақыласа, теңіз үстінен өтетін халықаралық бағдарлар әлі де Одесса мен Днепр диспетчерлерінің қолында тұр.

Қырымның Ресейге қосылғанын мойындамайтын елдер украин диспетчерлерінің қызметін пайдаланады. Алайда олардың ұшақтары тікелей Қырым аумағынан өте алмайды. Бірақ олар түбектің айналасында және Қара теңіздің іргелес жатқан суларында еркін ұшады.

Әскерилер оқу-жаттығуы НАТО-ға не береді?
"Қара теңіз айналасындағы мәселелердің НАТО күн тәртібінде қаралуы Украинаға ғана емес, Ресейдің Кавказдағы ықпалының артуына байланысты өзекті болып отыр, - деп санайды Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің бас директоры Андрей Кортунов. – Ресейлік бітімгерлердің Қарабақ аумағына кіруі альянсты алаңдатып отыр. Олар мұны тікелей қауіп деп бағалайды".

Ол Қара теңіз тақырыбын қозғау арқылы Украина альянс назарын өзіне аударғысы келетінін мәлімдеді.

Алайда НАТО-ның Қара теңізге табан тіреп, тұрақтауындағы басты мақсат Қырым мәселесі ғана емес деп санайды Анкарадағы Саяси зерттеулер орталығының сарапшысы Орхан Гафарлы.

"Түркияны қайтару үшін Альянсқа Қара теңізде табан тіреуі қажет. Қазір Анкара мен НАТО көп мәселе бойынша мәмілеге келе алмай отыр. Бірақ екі тарап та ынтымақтастық орнатудың қажеттілігін түсінеді".

Альянстың алдағы жаңа мақсаты – Түркия мен Ресейдің жақындасуына жол бермеу. Бірақ сарапшы бұл екі мемлекетті көп мәселе байланыстырып тұрғанын айтты. Сондықтан альянс жоспарының күлі көкке ұшуі мүмкін.