Әлем

Әскерилер оқу-жаттығуы НАТО-ға не береді?

© Photo : Пресс-служба министерства обороны КазахстанаӘскерилердің түнгі оқу-жаттығуы
Әскерилердің түнгі оқу-жаттығуы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2021 жылы НАТО әскери контингенттің өрісін дамытып, армия инфрақұрылымын құру және одан әрі халықаралық деңгейде нығайту арқылы Ресейдің батыс шекараларына қысым жасуды күшейтеді

Мамыр-маусым айларында альянс қырғи қабақ соғыстан кейін Defender Europe 2021 атты ең ірі маневрін өткізеді. Бұған жауап ретінде Ресей мен Беларуссияның қыркүйек айына жоспарланған "Батыс-2021" бірлескен оқу-жаттығуы өтеді, деп жазады РИА Новости.

Ұрыс алаңы – Еуропа

Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан
Әскери қақтығыстарға кінәлі Ресей ме, НАТО ма?
Defender Europe 2021 шарасында бұрынғыдай Шығыс Еуропа мен Балтық маңындағы қорғаныс және шабуыл әрекеттерін пысықтайды. Оқу-жаттығу желісі бойынша, НАТО күштері Калининград облысына шабуылдап, Ресейдің батыс аймақтарын қоршауға алып, сонымен қатар "орыстардың жаппай шабуылын" сипаттауы керек. Биылғы шарада Шығыс емес, Оңтүстік Еуропаға ерекше назар аударатын болады. Маневрлер Черногория, Косово және Албанияда жоспарланған. Болгария мен Румынияда әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс және "жер-жер" санатындағы зымырандармен соққы жасау өтеді. Венгрия белең алып келе жатқан "соғыстың" тыл қызметі рөлін атқарады.

Америкалықтар Еуропаға қуатты күштерді, соның ішінде 1-ші кавалериялық және 82-ші әуе-десанттық дивизия бөлімдерін жібереді. Атлантика арқылы әртүрлі мақсаттағы жүздеген әскери техника тасымалданады. Сонымен қатар, Флоридадан 53-ші жаяу әскер бригадасы жеткізіледі. Жаттығулардан кейін америкалықтар кейбір қару-жарақты тағы да Еуропада "ұмытып кетуі" ықтимал. Мамандардың пікірінше, осылайша Пентагон аймақтағы шабуылдау мүмкіндіктерін жылдан-жылға арттыра түсуде.

Defender Europe 2021 оқу-жаттығуына жауап ретінде Ресей мен Беларусьте қыркүйекте "Батыс-2021" маневрін өткізеді. Беларусьтің қорғаныс министрі Виктор Хренин дүйсенбіде "бірлескен оқу-жаттығулар жоғары урбанизацияланған аудандардағы біріктірілген шабуылдау бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдарының жаңа әдістерін сынауға мүмкіндік береді" сонымен қатар, "жаңа әрі модернизацияланған қару-жарақ пен техниканың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді" деп мәлімдеді. Минсктегілер стратегиялық маневр "берік одақтастық қарым-қатынасты және Беларусь пен Ресейдің қорғаныс ведомстволарының одақтас мемлекеттердің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі көзқарастарының бірлігін" бейнелейтіндігін баса айтты.

Қыр көрсету

Қос тарап та маневрді қандай да бір мемлекетке немесе әскери блокқа бағыттау ретінде дипломатиялық пікір алмасуды қолданған жоқ. НАТО күштерімен Калининградты басып алуды пысықтау және ресейлік әскерилердің қаладағы ұрыстарға дайындалуы кіммен соғысатынын анық меңзеп тұр. Әрине, толық көлемдегі қаруланған қақтығыстың орын алуы екіталай болғанымен, ықтималдығы да жоқ емес.

Мамандардың пікірінше, НАТО-ның 2021 жылғы әрекеттеріне АҚШ-тағы биліктің ауысуы тікелей әсер етеді. Дональд Трамп президент болған төрт жыл ішінде Солтүстік Атлантикалық блоктың бірлігі айтарлықтай әлсіреді. Ақ үйдің иесі бірінші кезекте америкалық мүдделерді көздейтінін жасырмады.

Виды Сирии. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сирияда 30-дан астам түрік әскері қаза тапты – Ресей пікір білдірді
Ол тіпті одақтан шығу мүмкіндігін де жоққа шығарған жоқ. Бұл Еуропада үлкен алаңдаушылық туғызып, ЕО әскері туралы мәселе қайта көтерілді. Жаңа президент мұның барлығын түзетуге тырысатыны анық.

"Осы жылы Ресей мен НАТО арасындағы қарым-қатынас нашарлайды, – деді Геосаяси проблемалар академиясының бірінші вице-президенті Константин Сивков. – Байден альянсты қалпына келтіріп, оны жұмылдыруға тырысады. Ал бұл үшін сырттан жау қажет. Ресей бұл рөл үшін өте қолайлы. Себебі, Қытай тым алыста орналасқан. Вашингтонға америкалық қоғамды біріктіру үшін де сыртқы жау бейнесі қажет".

Ақша табудың амалы

Сарапшылар НАТО-ның Ресейге қатысты шынайы агрессиялық ұстанымы жоқ деп санайды. Альянсты одан әрі кеңейту америкалықтар үшін көбірек қаражат тауып, Еуропаны өзіне байлап қоюдың бір әдісі. Вашингтон Трампқа дейінгі дәуірге қайта оралып, Ескі әлемнің істеріне қайта араласа бастайды.

"2021 жылы НАТО әскери ұйымнан жаһандық корпорацияға айналып жатқанын көрсетеді деп ойлаймын", – деп түсіндірді америкашыл саясаткер Сергей Судаков.

Оның пікірінше, альянстың негізгі проблемасы – қаржыландыру әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Қалтасында ақшасы бардың талтаңдауы іспеттес. Бюджеттің үштен екі бөлігін АҚШ қаржыландырып отыр. Бұл ешкім үшін құпия емес.

"Шығындардың триллион доллардан асып жығылғанын бәріміз жақсы білеміз. Ең алдымен – Вашингтонның арқасында. Еуропалық мемлекеттер әскерилердің дайын тамағына дейін АҚШ-қа сеніп отыр. Бұл Американың ауқымды қорғаныс бюджетін тоқыратпай отыр. НАТО мүддесі бойынша әрекет ететін корпорациялар өте қомақты қаражат тауып жатыр", – дейді ол.

Сарапшы бүгінде Солтүстік Атлантикалық альянстың қызметі ақшаны бір қалтадан екінші қалтаға салуға көбірек ұқсайтынын айтты. Вашингтон НАТО-ға қаражат бөледі, ал одақтастар ол ақшаны америкалық техника мен қару-жарақ сатып алуға пайдаланады. Осылайша, бұл шеңбер тұйықталуда.

Байден кезінде Америка Құрама Штаттары үшін Еуропа әскери өнімдердің негізгі нарықтарының бірі болып қала бермек. Яғни, бұл теңіздің арғы бетінен ресейліктерге қарсы әрекеттер күшейеді дегенді білдіреді. Бірақ сарапшылардың көбісі Вашингтон мен Брюссельде қуаттылығы жағынан әлемдегі екінші әскер күшін шынайы жағдайда тексеруге ешкімнің батылы жете қоймайды деп сенеді.

Жаңалықтар
0