Әлем

Еуроодақ доллардан бас тартты ма?

Жан-Клод Юнкер Америка бастған сауда соғысының салдарынан Еуроодақ миллиардтаған шығынға ұшырады, долларды басты әлемдік валюта мәртебесінен айыру қажет деп мәлімдеген болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Еуроодақ америкалық валютаға тәуелділікті әлсірету мақсатында еуро бойынша жасалатын келісімшарттарды арттырып, шетелдік кәсіпорындардың еуропалық компанияларды сатып алуына тыйым салмақшы. Бұл енді ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлады РИА Новости.

Еуроның рөлін күшейту туралы бастаманы 2018 жылы алғаш рет ЕО күн тәртібіне Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жан-Клод Юнкер енгізді. Оның айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп бастаған сауда соғысының салдарынан ЕО миллиардтаған шығынға ұшырап отыр. Сондықтан долларды басты әлемдік валюта мәртебесінен айыру қажет.

Қалыпты жүйені ыдырату мұнай долларынан басталады деп жоспарланды: Юнкер Еуропа энергия импортының 80%-і АҚШ валютасымен төленетініне шағымданды. Ол Еуропалық Одақтағы еуропалық ұшақтарды еуроға емес, долларға сатып алуды ақылға қонымсыз деп атады. Еуропалық комиссияның басшысы Вашингтон құрлықтағы компанияларды құлдыратқан біржақты санкцияларды бірнеше рет қолданды деп атап көрсетті.

АҚШ әкімшілігі ақылға қонымды принциптерді ұстанады деп үміттенеміз – Ресей елшісі
Трамп АҚШ-ты Иранның ядролық бағдарламасын шектейтін халықаралық келісімнен шығарып, еуропалық компаниялардың Ислам Республикасымен сауда жасауына тыйым салатын санкцияларды қайта жариялаған кезде жағдай одан сайын ушығып кетті. Бұлай жасамағанда Тегеранның контрагенттері Америка нарығына қол жеткізе алмас еді. ЕО-ға Иранмен есеп айырысу үшін қосымша жолдар іздеуіне тура келді. Франция, Германия Ұлыбритания "Еуропа экономикасына қатысушылар мен Иран арасындағы заңды коммерциялық операцияларды жеңілдетуге" бағытталған INSTEX құралын құрып, ол 2019 жылдың басында іске қосылды. Кейінірек оған Бельгия, Дания, Нидерланды, Норвегия, Финляндия және Швеция қосылды.

Іс жүзінде бұл механизм Еуропа елдеріне АҚШ-тың қаржы жүйесін айналып өтіп, Вашингтонның қарсы әрекет етуіне себеп тудырмай, Тегеранмен сауда жасауға мүмкіндік береді. Иран мен Еуропа арасындағы нақты ақша айналымын болдырмау үшін INSTEX несиелік балдарды пайдаланды.

The Washington Post газеті түсіндіргендей, Иран бұл несиелерді тауар сатып алуға бағыттайды да, өз жеткізілімдерімен төлейді. Бірақ механизмді жүзеге асыру өте қиын болып шықты.

Мәселе Иран мұнайына қатысты болғанымен, ол туралы ұмытуға тура келді. INSTEX тек дәрі-дәрмек, тамақ өнімдерін және басқа да гуманитарлық өнімдерді сату-сатып алу операцияларымен шектелді.

Осындай оңтайлы сәтті күткен АҚШ ақырында Еуропаның энергетикалық инфрақұрылымындағы жетекші жобалардың бірі – "Солтүстік ағын – 2" жобасына санкциялар енгізді. Вашингтонның қоқан-лоққысына байланысты кейбір еуропалық компаниялар газ құбырымен жұмыс істеуден бас тартты.

Швейцарияның Allseas компаниясы кеткеннен кейін 2019 жылдың желтоқсанында кеме иелерін өзара сақтандыру клубтарының халықаралық тобы да жобадан шықты. Қаңтардың басында Норвегияның Det Norske Veritas сертификаттау компаниясы да бұл жобадан аулақ болуды ұйғарды. Данияның Ramboll инжинирингтік фирмасы серіктестікті тоқтату туралы мәлімдесе, оның артынша немістердің Bilfinger SE құрылыс компаниясы да ілесе кетті.

Вашингтонның айқын мақсаты бар. Ол – еуроны қолданбайтын және проамерикалық ұстанымға жақын Шығыс Еуропа елдері арқылы біруақытта жанармай транзитін ұстап отырып, сұйытылған табиғи газ экспортын ұлғайту.

Financial Times мәліметі бойынша, осының бәріне тоқтау салу үшін Еурокомиссия алдын ала жоспар дайындаған. Әртүрлі тауарларды жеткізуге арналған шарттарды еуроға көшіріп, негізгі қаржылық бейімделуге байланысты нормаларды қайта қарастыру және қажет болған жағдайда өзгерту көзделуде.

АҚШ әскери-теңіз күштерінің онжылдыққа құрылған жоспары нені көздейді?
Сонымен қатар, реттеушілерге шетелдік фирмалардың еуропалық компанияларды иемденуіне тыйым салу құқығы беріледі. Келісімшарт нәтижесінде "жұтылған" кәсіпорын экстерриториялық санкцияларды орындауға мәжбүр ме, жоқ па тексеріледі. Ол үшін тікелей шетелдік инвестицияларды бақылаудың жаңа жүйесі қолданылады. Енді мұндай иемдену ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп болып саналады.

Еуропа орталық банкінің (ЕББ) мәліметі бойынша, доллардан кейін еуро әлемдегі ең танымал валюта болып отыр.

Оның тартымдылығын пандемиядан кейін 750 миллиард еуро көлеміндегі Еуропа экономикасын қалпына келтіру қоры арттыра түседі. ЕО тәуекелден сақтандыру ретінде АҚШ долларына балама ретінде бірыңғай одақтық облигациялар шығарады. Еуропалықтар экологиялық жобаларға инвестиция тарту үшін қолданылатын берешек құралдарына – жасыл облигацияларға басымдық беріп отыр.

750 миллиард еуроның үштен бір бөлігі осы мақсатқа жұмсалады. Жобада түсіндірілгендей, ЕО-ның қаржы нарықтарын "жасыл қаржыландырудың" жаһандық орталығына айналдыру міндет болып табылады. Еуро тұрақты қаржылық өнімдермен бекітілген валюта ретінде нығая түседі.

Еуропа орталық банкінің цифрлық еуроны енгізуге деген құлшынысы да долларға қарсы әрекет болып табылады. Алайда америкалық БАҚ атап өткендей, еуропалықтардың бұл жоспары орындалмайды. Бұған ең алдымен Еуропа елдерінің арасындағы пікір қайшылығы кедергі болады.

Бірақ жетекші инвестициялық банктердің болжамы бойынша  доллардың жағдайы да мәз емес. Келе-келе Еуроодақтың берешек міндеттемелері АҚШ-тың қазынашылық міндеттемелеріне балама бола алады, деп болжайды JP Morgan. Бұл әлемдік валюта резервтерін әртараптандыруға ықпал етеді. Сонда доллардың үлесі 1990-шы жылдардағы ең төменгі деңгейге жетуі мүмкін.