Әлем

АҚШ әкімшілігі ақылға қонымды принциптерді ұстанады деп үміттенеміз – Ресей елшісі

© AFP 2024 / Andrew Caballero-ReynoldsНациональные флаги США и флаги округа Колумбия возле Капитолия США в Вашингтоне
Национальные флаги США и флаги округа Колумбия возле Капитолия США в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Анатолий Антонов жаңа командаға нақты мәселелер бойынша сыртқы саяси әлеуеттер мен әдістерді анықтауға уақыт беру керек деп есептейді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар — Sputnik. Ақ үйге Джозеф Байден келгелі Ресей АҚШ-пен екіжақты қарым-қатынаста қордаланып қалған проблемаларды жою үшін конструктивті диалогқа кірісуге дайын. Әйтсе де, Мәскеудегілер Ресейді тежеу Американың сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі екенін түсінеді. Сондықтан, аса үлкен үміт арта қоймайды, деп мәлімдеді Ресей Федерациясының Вашингтондағы елшісі Анатолий Антонов. АҚШ-тың жаңа президентінің инаугурациясынан кейін РИА Новостиге эксклюзивті сұхбат берген ол биыл Владимир Путин мен Американың жаңа көшбасшысы кездесуі мүмкін бе, коронавируспен күресуде Мәскеу мен Вашингтон ынтымақтастық орната ала ма  деген сауалдарға жауап берді.  

– Сайлаудан кейін Джо Байденнің болашақ әкімшілігінің өкілдерімен алдын ала байланыс орнатылды ма? Қандай тақырыптар талқыланды?

–  Мұндай байланыс болған жоқ. Алайда жаңа үкіметтегі сыртқы саясат қызметіне тағайындалғандар бізге жақсы таныс. Олар алдыңғы әкімшілікте басшы қызметін атқарғандар. Ақ үйдегі, Мемлекеттік департаменттегі және басқа да ведомстволардағы ауыс-түйістен кейін әріптестермен екіжақты және халықаралық проблемалар бойынша мазмұнды диалог бастауға болады деп үміттенеміз. Ең алдымен, бұл біздің қарым-қатынасымызда қордаланған көптеген кикілжіңдерді жою қажеттілігіне қатысты болып отыр.

– Вашингтон ШҚҚК келісімшартын созуға келіседі деп ойлайсыз ба? Ресей 20 қаңтардан кейін келіссөздер жүргізуге дайын ба? 

Газокомпрессорная станция, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Германия мен АҚШ қарым-қатынасының тағдыры не болмақ?
– Ресей бір жылдан астам уақыт бұрын АҚШ-қа шабуылдау қаруларын шектеу және қысқартуды қарастыратын келісімшартты қандай да бір алдын ала талаптарсыз-ақ ұзартуды ұсынған болатын. Республикашыл билік құжатты қол қойылған күйінде созуға түбегейлі қарсы болды. Біз көнбейтін талаптар қойды. Осылайцша Ресей мен Америка арасындағы ядролық қару-жарақты бақылауда ұстайтын жалғыз құжатты саяси саудаласу нысанына айналдырып жіберді. Бұл келіссөздерді тығырыққа алып келгені таңғаларлық жағдай емес. Қазіргі әкімшілік ақылға қонымды және шынайы принциптерді ұстанады деп үміттенеміз.

Ресей бұл келісімшартты созу бойынша субстанциялық диалогқа дайын. Құжат мерзімі аяқталуы тиіс 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін сәйкес келісімге қол жеткізуге әлі мүмкіндік бар. Вашингтон тарапынан конструктивті ұсыныстар күтеміз.

– 2021 жылы Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері кездесе ме? Ал сыртқы істер ведомстволары басшыларының деңгейінде мұндай кездесу өте ме? Сіз Байденге "2 + 2" форматында консультациялар өткізуге ұсыныс жасайсыз ба? 

– Пандемия жағдайында бетпе-бет кездесулер мен іс-шараларды кесіп айту қиын. Сондықтан, саяси байланыстар кестесін құру эпидемиялық ахуалдың қалыпқа келуіне, осындай кездесулердің мазмұндық толығуын, көпжақты іс-шаралар алаңында талқылау мүмкіндіктеріне байланысты болмақ. Кез келген жағдайда кез келген жоспарды АҚШ-тың жаңа әкімшілігімен талқылау және келісу керек.

Ал  "2 + 2" форматына қатысты айтсам, біз америкалықтарға мұндай кездесулерді қайта жандандыру қажеттілігін айтқанбыз. Бірақ, қолдау болған жоқ. Бұл бастама әлі де өз күшінде.

– Байденнің сыртқы саясатындағы командасы үшін жарияланған жаңа кандидаттарды қалай бағалайсыз? Иран, Сирия, Украина мәселелері бойынша диалогты қалпына келтіру мүмкін бе? АҚШ Ұлттық қауіпсіздігі кеңесінің аппаратында Ресей және Орталық Азия бойынша жеке директор тағайындалуы нені білдіреді?  

– Байденнің сыртқы саясатындағы кандидаттарды бағалау біздің ісіміз емес. АҚШ президенті кез келген басшы ретінде өзі сенетін адамдарды қызметке тағайындайтыны түсінікті.

Жаңа командаға нақты мәселелер бойынша сыртқы саяси әлеуеттер мен әдістерді анықтауға уақыт беру керек деп ойлаймын. Оның үстіне, команданы сайлау кезіндегі үгіт-насихаттары емес, халықаралық бағыттағы іс жүзіндегі әрекеттері арқылы бағалау керек.

Біз аса қатты үміт артпаймыз. Ресейді жүйелі түрде тежеу америкалық саясаттың альфа және омегасы болып табылады. Әкімшіліктегі лауазымды тұлғалардың басым бөлігі бізге Барак Обама кезінен жақсы таныс.

Біз демократиялық әкімшілік Иран бойынша өзінің сайлау алдындағы уәделерін, ең алдымен Жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспарынға оралу тұрғысынан орындайды деп күтеміз. Біз бұл саяси диалогты қалпына келтіруге және Парсы шығанағы аймағындағы жағдайды реттеуге ықпал етеді деп сенеміз.

На месте стрельбы в Орландо - Sputnik Қазақстан
Әлем
АҚШ-тағы атыс: бес адам қаза болды
Сирияда біздің елдің әскерилері оқыс оқиғаларды болдырмау бойынша әрекет етуді жалғастыра береді дегенді негізге алайық. Бұдан басқа, Ресей мен АҚШ гуманитарлық көмек көрсету, қақтығыстан кейінгі қалпына келтіру, миналардан тазалау, босқындардың қайта оралуына және азаматтардың ел ішінде жол жүруіне көмек көрсету мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатып, бірлесе әрекет етсе нұр үстіне нұр болар еді. Біз Сирия Араб республикасының тәуелсіздігін құрметтей отырып, осындай міндеттері орындауға дайынбыз.

Сонымен қатар, жаңа әкімшілік Украина мәселесі бойынша Владимир Зеленскийдің командасын Минск келісімдерін жүзеге асыруға кірісуге көндіруі керек.

Ел билігіндегі әкімшіліктің жаңаруына қарай Ұлттық қауіпсіздік қызметінің құрылымындағы өзгерістерге келсек, онда бұл тәжірбеде бар жағдай. Кіші Джордж Буш пен Барак Обама кезінде Ақ үйде ресейлік бағыттағы осы тектес қызмет бар болатын.

– Ресей Байден әкімшілігіне БҰҰ ҚК "Бестік" кездесуіне қатысуға ұсыныс білдіре ме?  

– Ресей бастамасына бұған дейін "Бестік" елдерінің басшылығы қолдау білдірді және ол өз күшінде қалады. Күн тәртібіндегі ұсыныстар да әріптестерге айтылды. Бұл әлемдік саясат, қауіпсіздік және экономика жағдайына әсер ететін негізгі мәселелер болып табылады. Осы кездесудің күні мен орны әлі анықталған жоқ.

Жаңа әкімшілік ресейлік идеяны мұқият зерделейді және "Бестік" саммиті эпидемиологиялық жағдайға түзелген бойда ұйымдастырылады деп сенеміз. "Бестіктің" мемлекет басшыларының халықаралық істердегі өзара іс-қимыл негіздері мен көптеген шиеленіскен жағдайды жою жолдары туралы тікелей әңгімелесуінің уақыты жетті деп сенеміз.

– Антитеррор бойынша байланыс жалғаса ма?  

– 2018 жылдың желтоқсанында Ресей мен АҚШ президенттері арасындағы келісімдерді орындау мақсатында терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша жоғары деңгейдегі ресейлік-америкалық диалог қайта жанданды. 2019 жылы екі сараптамалық кездесу өтті. Қыркүйек айында үйлестірушілер келіссөздерінің екінші кезеңі өтті. 2019 жылдың қазан айында біз америкалықтарды 2020 жылдың қаңтар айының соңында кезекті консультациялар ұйымдастыру туралы ойлануға шақырдық. Серіктестер бірден бас тартқан жоқ. Алайда 2020 жылы терроризмге қарсы байланыс болған жоқ. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы осы сұхбат арнасын қалпына келтіруге көмектеседі деп үміттенеміз.

– Ресей пандемиямен күресте әріптестік орнату бойынша АҚШ-қа ұсыныс жасай ма? Ол қандай ұсыныстар болмақ?

– Пандемия барлығымызға үлкен сын болды. Сондықтан, біз инфекциямен күресуде өзара келіспеушіліктерді ысыра тұрып, күш-жігерді біріктіру туралы бірнеше рет ұсыныс жасадық. Яғни, медициналық құралдармен және алғашқы қажеттілік заттарымен қамтамасыз етудегі кедергілерді жою, дамымаған елдердің қарыз ауыртпалығын азайту, мұқтаж елдерге қаржылық көмек көрсету кезінде саяси сылтаулардан бас тарту, ғылыми тәжірибе алмасуды кеңейту. АҚШ-қа келсек, онда жекелеген аспектілер бойынша жұмысты реттей алдық. Бұл екі ел арасындағы дәрі-дәрмек тиелген тікұшақтар жөнелту, жасанды тыныс алдыру аппараттарымен қамтамасыз ету, коронавирус инфекциясына байланысты зерттеулер саласындағы әріптестік.

Ал вакцинаға келсек, мұнда біршама күрделірек. Америкадағы кейбір адамдар осы тақырыпты саясатқа айналдырғысы келеді. Вашингтондағылар бұл саладағы ресейлік жетістіктерге күмәнмен қарап, оны мазаққа айналдырып жатыр. Алайда ғылыми қауымдастық бұл әзірлемеге жоғары баға берді. Пандемияға қарсы іс-қимыл, оның ішінде инфекциялық аурумен күресу үшін тиімді дәрілік заттарды әзірлеу бойынша біз АҚШ-пен ынтымақтастық орнатуға дайынбыз.

– Мәскеу жаңа әкімшілікпен орташа және шағын қашықтықтағы зымырандарды Еуропада орналастырмау туралы келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр ма?  

Избранный президент США Джо Байден - Sputnik Қазақстан
Саясат
АҚШ пен Ресей арасындағы өзара іс-қимыл бағыты өзгеріп жатыр – саясаттанушы
– 2019 жылдың тамызында орташа және шағын қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімшарттан шыққаннан кейін АҚШ осы құжаттың бұзылуы салдарынан болған жағдайды қалпына келтіру бойынша ешқандай келіссөз жүргізген жоқ. Біз зымырандық қарулар жарысының қандай апатқа алып келетінін жақсы түсінеміз. Ресей бір жылға жуық уақыт бойы орташа және шағын қашықтықтағы зымырандарды әлем аймақтарына орналастырмау туралы өз міндеттемесін бұзбай келеді. Бұл аталған америкалық өндірістегі зымырандар басқа елдің аумағында пайда болғанға дейін сақталады. Біз АҚШ-ты және оның НАТО-дағы серіктестерін осындай қадам жасауға шақырдық. Алайда біздің қарсы мораторий енгізу туралы бастамамыз қабылданбады.

Біз өз тарапымыздан жағдайдың ушығып кетпеуі үшін барлығын жасап жатырмыз. Ресей президенті Владимир Путин ОШЗЖК болмаса да әлемдегі жағдайды тұрақтандыру бойынша жаңа ұсыныстар жасады. Әзірше ол ұсыныстар "үстел үстінде" тұр. Егер жаңа тарап ОШЗЖК проблемалары бойынша түйіннің шешілуін қаласа, біз жұмыстар жүргізуге дайынбыз.

– АҚШ SolarWinds компаниясына кибершабуылдың артында Ресей тұрғанын дәлелдей алды ма? Әлде бұл айыптаулар сөз күйінде қалды ма? Afghanistan bounties бойынша айғақтар ұсынды ма?   

– Американың ақпараттық инфрақұрылымына жасалған ірі көлемдегі хакерлік шабуыл бойынша Ресейге немесе біздің елдің азаматтарына қарсы ресми айыптау болған жоқ. Бар болғаны, АҚШ-тың арнайы қызметі бұл қылмысқа Ресейден шыққан киберқарақшылар жауапты екенін айтты. Бірқатар лауазымды шенеуніктің болжамдары пікір ретінде болғанымен, айғақ деп қарастырылмайды.

Америкалық тарап БАҚ арқылы болған жайттың жай-жапсарын таратуды жалғастырып жатқанымен, ешқандай дәйек келтіріп отырған жоқ.

Біз Вашингтонға бірнеше рет компьютерлік шабуылдар мен компьютерлік оқыс оқиғалар туралы ақпарат алмасу туралы келісімге келуді ұсындық. Атап айтқанда, мұндай оқиғалар туралы деректерді Компьютерлік жағдаяттар бойынша ұлттық үйлестіру орталығы арқылы жолдау қарастырылды.

Жаңалықтар
0