Оқиға

Ақмола облысында жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, бес адам көз жұмды

Көліктер бір бағытта келе жатқан. Жеңіл көлікте ересектерден басқа кәмелетке толмаған тағы төрт адам болған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Ақмола облысының Астрахан ауданындағы тасжолда жол апаты бес адамның, оның ішінде екі баланың өмірін қиды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қайғылы жағдай өткен жексенбіде, 31 қаңтарда Екатеринбург - Алматы тасжолында, Жамбыл ауылы маңында сағат 23:22 шамасында болды.   

Ақмола облысында әкім жол апатынан көз жұмды
"ВМW X5 маркалы автокөлік пен КамАЗ соқтығысты. Жүк көлігі алда келе жатқан", - деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Пинчук.

Апат салдарынан бес адам: шетелдік көліктің 34 жастағы жүргізушісі мен төрт жолаушысы – екі әйел, екі кәмелетке толмаған бала қаза тапты.      

Әр түрлі жарақат алған тағы екі бала Нұр-Сұлтан қаласының №2 қалалық ауруханасына жатқызылды.

BMW жүргізушісінің ішімдік ішпегені хабарланды.

Тәртіп сақшылары Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тексерісті бастады.