Оқиға

Ақмола облысында әкім жол апатынан көз жұмды

© Photo : Рixabay/Kira Hoffmann Трещины на стекле, архивное фото
Трещины на стекле, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
DAF автокөлігінің жүргізушісі, Орал қаласының тұрғыны рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, ВАЗ-21214 автокөлігімен соқтығысқан

КӨКШЕТАУ, 15 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында Атбасардан 20 шақырым жерде жантүршігерлік жол апаты болды. Екі көлік соқтығысып, оның біреуінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ол Тарасов ауылдық округінің әкімі Мирасхан Мұратов екені белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Дүйсенбі, 14 желтоқсанда сағат 23.30-да Атбасар аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне жедел жәрдем диспетчерінен хабарлама түскен. Ол Екатеринбург – Алматы тасжолында, Атбасардан 20 шақырым жерде жол апаты болғанын айтқан.

© Photo : Департамент полиции Акмолинской области Атбасар түбінде жол апатынан ауыл әкімі көз жұмды
Ақмола облысында әкім жол апатынан көз жұмды - Sputnik Қазақстан
Атбасар түбінде жол апатынан ауыл әкімі көз жұмды

"Алдын ала мәлімет бойынша, DAF автокөлігінің жүргізушісі, Орал қаласының тұрғыны рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, ВАЗ-21214 автокөлігімен соқтығысқан. Бұл көлікті Державинск қаласының 51 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан", - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ВАЗ-21214 жүргізушісі оқиға болған жерде алған жарақатынан қайтыс болды. Ол – Тарасов ауылдық округінің әкімі Мирасхан Мұратов.

© Photo : Департамент полиции Акмолинской области Апат Екатеринбург – Алматы тасжолында, Атбасардан 20 шақырым жерде болды
Ақмола облысында әкім жол апатынан көз жұмды - Sputnik Қазақстан
Апат Екатеринбург – Алматы тасжолында, Атбасардан 20 шақырым жерде болды

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Сараптама тағайындалды. DAF автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына жабылды. Тергеу жалғасып жатыр.  

Жаңалықтар
0