Саясат

Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісіне "Достық" орденін табыстады

Ресей елшісі екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтқаны үшін Қазақстанның мемлекеттік наградасымен марапатталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар — Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин екінші дәрежелі "Достық" орденін алды.

Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісіне "Достық" орденін табыстады

Елшіліктің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланғандай, марапаттау рәсімі бейсенбі күні Нұр-Сұлтанда өтті. Дипломатқа аталған награданы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады.

Оқи отырыңыз: Путин Дәулетияровты Достық орденімен марапаттады 

Қазақстан президенті Тоқаевтың жарлығына сәйкес, Бородавкин осы орденмен қос ел арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға және дамытуға қосқан зор үлесі үшін марапатталды. 

Елші Қазақстан билігі мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.

"Мен бұл орденді Ресей мен Қазақстан арасындағы одақтас қарым-қатынас пен ықпалдастық байланысты дамыту бойынша атқарылған тек менің қызметімнің емес, сондай-ақ, қазақстандық бағытта еңбек етіп жатқан барлық ресейлік дипломаттың, соның ішінде, Ресейдің Қазақстандағы елшілігіндегі әріптестерімнің еңбегін жоғары бағалау деп қабылдаймын", - деді дипломат.

Алексей Бородавкин жүктелген "сенімді ақтауға тырысатынын" жеткізіп, "мемлекеттер мен халықтар арасындағы достық, одақтастық пен ықпалдастық серіктестікті" нығайту және жетілдіру үшін күш-жігерін аямайтынын айтты.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстанда "Достық" орденімен халықтар арасындағы бейбітшілікті, достықты және ынтымақтастықты нығайтқаны үшін марапатталады.