Әлем

Путин Дәулетияровты Достық орденімен марапаттады

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуМеждународная профессиональная музыкальная премия "BraVo"
Международная профессиональная музыкальная премия BraVo - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәулетияров бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан зор үлесі, көп жылғы жемісті еңбегі үшін марапатталды

АЛМАТЫ, 29 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин "Муз-тв" бас директоры Арман Дәулетияровты Достық орденімен марапаттады.

Жарлық Ресейдің құқықтық ақпаратының ресми сайтында 28 желтоқсанда жарияланды.

"Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан зор үлесі, көп жылғы жемісті еңбегі үшін "Муз-ТВ операциялық компаниясы" жауапкершілігі шектеулі қоғамының бас директоры, халықаралық эстрада өнері (шығармашылық одақ) қайраткерлері одағының мүшесі Дәулетияров Арман Елубайұлы Достық орденімен марапатталсын, Мәскеу қаласы", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Ресейдің басқа да бірқатар азаматы түрлі марапатқа ие болды.

Айта кетейік, 2020 жылдың тамызында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Муз-ТВ" бас директоры Арман Дәулетияровқа Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы үлесі үшін алғыс айтты.

2010 жылы Арман Дәулетияров Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталды.

2017 жылы оған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді.

Арман Дәулетияров жайлы ақпарат

Арман Дәулетияров – этникалық қазақ, Ресейде тұрады. 1970 жылы 13 тамызда Орынбор облысы Тамар-Уткуль деген шағын ауылда дүниеге келген. Отбасында үш баланың кенжесі. Мектепті бітірген соң Мәскеуге барып, 1985 жылы кәсіптік-техникалық училищені (колледж) қызыл дипломмен бітірді.

2001 жылы Дәулетияров "Музыкалық бірлік" ("Музыкальное единство") продюсерлік компаниясын ашты. 2003 жылы Ресей федерациясы мемлекеттік думасы депутатының көмекшісі болды, Орынбор облысындағы №131 бір мандатты округ бойынша дауысқа түсті.

А'Studio, "Динамит", Мұрат Насыров, Батырхан Шүкенов және басқа да көптеген танымал музыкалық топтармен және әртістермен жұмыс істеді.

Жаңалықтар
0