Саясат

Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісіне "Достық" орденін табыстады

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев наградил Орденом "Достык" II степени Посла Российской Федерации в Казахстане Алексея Бородавкина
Касым-Жомарт Токаев наградил Орденом Достык II степени Посла Российской Федерации в Казахстане Алексея Бородавкина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей елшісі екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтқаны үшін Қазақстанның мемлекеттік наградасымен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар — Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин екінші дәрежелі "Достық" орденін алды.

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинге II дәрежелі Достық орденін тапсырды
Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісіне Достық орденін табыстады - Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинге II дәрежелі Достық орденін тапсырды

Елшіліктің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланғандай, марапаттау рәсімі бейсенбі күні Нұр-Сұлтанда өтті. Дипломатқа аталған награданы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады.

Оқи отырыңыз: Путин Дәулетияровты Достық орденімен марапаттады 

Қазақстан президенті Тоқаевтың жарлығына сәйкес, Бородавкин осы орденмен қос ел арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға және дамытуға қосқан зор үлесі үшін марапатталды. 

Елші Қазақстан билігі мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.

"Мен бұл орденді Ресей мен Қазақстан арасындағы одақтас қарым-қатынас пен ықпалдастық байланысты дамыту бойынша атқарылған тек менің қызметімнің емес, сондай-ақ, қазақстандық бағытта еңбек етіп жатқан барлық ресейлік дипломаттың, соның ішінде, Ресейдің Қазақстандағы елшілігіндегі әріптестерімнің еңбегін жоғары бағалау деп қабылдаймын", - деді дипломат.

Алексей Бородавкин жүктелген "сенімді ақтауға тырысатынын" жеткізіп, "мемлекеттер мен халықтар арасындағы достық, одақтастық пен ықпалдастық серіктестікті" нығайту және жетілдіру үшін күш-жігерін аямайтынын айтты.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстанда "Достық" орденімен халықтар арасындағы бейбітшілікті, достықты және ынтымақтастықты нығайтқаны үшін марапатталады.

Жаңалықтар
0