Қоғам

Қазақстанның мәжіліс сайлауында кім бірінші болып дауыс берді

Сыртқы істер министрлігі Токио мен Сеулдегі сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылғанын хабарлады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның Жапония мен Корея Республикасындағы елшіліктеріндегі сайлау учаскелері бірінші болып жұмысын бастады, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Токиодағы №261 және Сеулдегі №258 сайлау учаскелері жергілікті уақытпен сағат 07:00-де ашылды.

Бұл елдердегі қазақстандықтар өз сайлау құқығын бірінші болып пайдалануға мүмкіндік алды.

Қазақстанның мәжіліс сайлауында кім бірінші болып дауыс берді

Парламент сайлауында алғаш болып Оңтүстік Кореядағы Корё университетінің студенті Аделина Алпамыс дауыс берді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның басым бөлігінде сайлау учаскелері ашылды 

Еске сала кетейік, Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы 7-ден 20-ға дейін ашық болады. Бес өңірде – Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру елдің басқа аймақтарына қарағанда бір сағат кеш басталып, аяқталады.

Мәжіліс сайлауымен бір уақытта елде барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтеді.