Қоғам

Қазақстанның мәжіліс сайлауында кім бірінші болып дауыс берді

© Photo : МИД РКИзбирательный участок в Токио
Избирательный участок в Токио - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сыртқы істер министрлігі Токио мен Сеулдегі сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның Жапония мен Корея Республикасындағы елшіліктеріндегі сайлау учаскелері бірінші болып жұмысын бастады, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Токиодағы №261 және Сеулдегі №258 сайлау учаскелері жергілікті уақытпен сағат 07:00-де ашылды.

Бұл елдердегі қазақстандықтар өз сайлау құқығын бірінші болып пайдалануға мүмкіндік алды.

© Photo : МИД РКОңтүстік Кореядағы Корё университетінің студенті Аделина Алпамыс
Қазақстанның мәжіліс сайлауында кім бірінші болып дауыс берді - Sputnik Қазақстан
Оңтүстік Кореядағы Корё университетінің студенті Аделина Алпамыс

Парламент сайлауында алғаш болып Оңтүстік Кореядағы Корё университетінің студенті Аделина Алпамыс дауыс берді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның басым бөлігінде сайлау учаскелері ашылды 

Еске сала кетейік, Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы 7-ден 20-ға дейін ашық болады. Бес өңірде – Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру елдің басқа аймақтарына қарағанда бір сағат кеш басталып, аяқталады.

Мәжіліс сайлауымен бір уақытта елде барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтеді.    

Жаңалықтар
0