Фото

Мылтық атылмайды: Салбурын немесе ұлттық аңшылық ерекшеліктері - фото

Sputnik

Жыртқыш аңды олжалау үшін аңшыға екі адал көмекші қажет, бірі – бүркіт, екіншісі – сұңқар. Жыртқыш құстар жоғары самғап, олжасын бақылайды, мұндай сәтте бір де бір оқ атылмайды, тек қырағы көзбен жыртқыш құс дәлдеп, жемтігін алады.

Бүгінде бүркітпен аң аулау өнері қайтадан танымал бола бастады. Аймақтарда бүркітті дайындау үшін арнайы мектептер құру жоспарланып отыр.

Қазақстанда ұлттық аң аулау дәстүрін сақтауға "Қансонар" қауымдастығының өкілдері үлес қосып келеді. Қауымдастық аңшы құстармен және иттермен дәстүрлі аң аулауды дамытуды насихаттайды.

Қауымдастық мәліметінше, бүгінде бір жарым мыңға жуық ұлттық тазы тұқымдас ит бар. Ұйымдастырушылар аң аулаудың бұл түрін реми түрде спорт түрі деп танығысы келетінін айтады.

Оқи отырыңыз: Испан кемпірқосағы мен отқа оранған ұшақ: Aerial Photography Awards 2020 үздік суреттері

Тазы – аңшы иттің тұқымы, қазақтың аңшы иті. Иттер атпен жүріп аң аулауға арналған, ұзақ жүріске шыдамды келеді. Қазақстан кинологтар одағы мен кейбір басқа елдердің кинологиялық ұйымдары қазақтың аңшы итінің тұқымы ретінде таныған. Бұл Азия халықтарының көшпелі өмір салтына бейімделген ежелгі ит тұқымының бірі.

Аңшылардың көрсетілімдері мәдениет және спорт министрлігінің ұлттық спорт түрлері басқармасы, сондай-ақ "Қансонар" қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Бурабай курортты көлінің маңындағы төбелерде аң аулау қалай өткенін Sputnik Қазақстан материалынан көріңіз.

1 / 15
Қазақстанда 15 қазан мен 15 ақпан аралығында терісі бағалы (мамық жүнді) аңдарды аулауға рұқсат берілген. Осы аралықта "Қансонар" өткізуге болады, яғни алғаш түскен қардан аңның ізі оңай көрінеді.
2 / 15
Мамандардың айтуынша, аң ұстайтын жыртқыш құстармен аңшылық құру кезінде ең бастысы қатты жел болмауы керек.
3 / 15
Алғаш қар жауған кезде ит қоян немесе түлкіні оңай ұстайды. Жабайы аң қар үстінде жүрген кезде денесі суланады, ал иттің бойы ұзынырақ әрі ол күштірек болады. Сондықтан аңшылар дәстүрлі түрде аңға итпен шығады
4 / 15
Аң аулауға салатын ұлттық тазы тұқымды ит басқа иттерден ерекшеленіп тұрады. Мысалы, орыстың иттері бойшаң және жылдам болады. "Салбурын" ұлттық аң аулау орталығының директоры Қанат Ахметовтің айтуынша, тазы бұл иттермен салыстырғанда баяу жүгіреді, бірақ ұзақ қашықтыққа шыдайды.
5 / 15
Ахметовтің айтуынша, тазы – аң аулауға арналған әмбебап тұқымды ит. Мұндай тұқымды ит аңды өзі тауып, өзі алады. Ал орыс иттері бірге жұмыс істейді. Бірі аңды тауып, ашық алаңға шығарса, екіншісі бас салады. Ал тазылар бұл екі қызметті өзі атқарады.
6 / 15
"Қансонар" аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының кинологиялық клубы бар. Қанат Ахметовтің айтуынша, бұл клубтың басты міндеті – тазы мен төбет ұлттық тұқымдарын жаңғырту. Жетпіс жылдан астам уақыт бойы бұл тұқым жоғалып, ұмытылып қалды. Сол себепті қазір клубқа тұқымдарды жандандыру үшін іріктеу жасайтын мамандар шақырылып жатыр.
7 / 15
"Қансонар" қауымдастығы құс және иттермен қарусыз аң аулауды дамытумен айналысады.
8 / 15
Бүркіт итпен бірге аңды жақсы аулайды. Ит бұталар арасындағы жабайы аңды (қоян, түлкі, қасқыр) үркітіп ашық жерге шығарады, ад бүркіт жоғарыдан тап береді.
9 / 15
Төртінші бағдар – мұның бәрін басқаратын және аң аулаудан эстетикалық ләззат алатын адам.
10 / 15
Ахметовтің айтуынша, қазір түлкі, қоян немесе борсық - бүркіттер мен аңға шығатын иттердің негізгі олжасы
11 / 15
Аң аулау сәтті болуы үшін бүкіл команда – құс, ит, жылқы және адам бір-бірімен тығыз жұмыс істеуі керек. Топтың барлық мүшесі бір-біріне сеніп, қорықпауы қажет. Бүркіт итпен бірге әрекет етеді. Жылқы бүркітті ұстап тұруы қажет. Егер жылқы мен бүркіт тіл табыса алмаса, қауіп төнуі мүмкін. Бүркіт қанатын қаққан кезде жылқының қорқып кетуі қауіпті саналады. Қанат Ахметов осы секілді жәйттер аңшылық алдында пысықталуы тиіс деп санайды.
12 / 15
Бүркіт пен тазы – бәсекелес, алайда жұп болып жұмыс істей алады. Мұндай жұпты ұзақ уақыт үйретіп, тәрбиелеу керек. Бір-бірімен таныс емес бүркіт пен тазыны бірге далаға шығаруға болмайды, дейді Ахметов.
13 / 15
Бұл жолы аңшылар қарсақты – аяғы ұзын дала түлкісін олжалады. Ахметовтің айтуынша, кәдімгі қызыл түлкіні ымырт кезде жиі кездестіруге болады. Бұл уақытта түлкі кеміргіштерді аулауға шығады.
14 / 15
Қанат Ахметовтің сөзінше, аңшы бүркіт пен итті аң аулағаннан кейін нәтижесіне қарамастан тамақтандырып, мақтау қажет. Бұл аң аулауға ынталандыратын тәрбиенің маңызды бөлігі.
15 / 15
Ит жүгіртіп, құс салып, аңшылардың топтасып аңға шығуы - қазақтың ежелгі дәстүрі, оны халқымыз "Салбурын" деп атайды. Щучье-Бурабай демалыс аймағындағы Ұлттық аңшылық орталығы осындай атауға ие.