Жыртқыш аңды олжалау үшін аңшыға екі адал көмекші қажет, бірі – бүркіт, екіншісі – сұңқар. Жыртқыш құстар жоғары самғап, олжасын бақылайды, мұндай сәтте бір де бір оқ атылмайды, тек қырағы көзбен жыртқыш құс дәлдеп, жемтігін алады.
Бүгінде бүркітпен аң аулау өнері қайтадан танымал бола бастады. Аймақтарда бүркітті дайындау үшін арнайы мектептер құру жоспарланып отыр.
Қазақстанда ұлттық аң аулау дәстүрін сақтауға "Қансонар" қауымдастығының өкілдері үлес қосып келеді. Қауымдастық аңшы құстармен және иттермен дәстүрлі аң аулауды дамытуды насихаттайды.
Қауымдастық мәліметінше, бүгінде бір жарым мыңға жуық ұлттық тазы тұқымдас ит бар. Ұйымдастырушылар аң аулаудың бұл түрін реми түрде спорт түрі деп танығысы келетінін айтады.
Оқи отырыңыз: Испан кемпірқосағы мен отқа оранған ұшақ: Aerial Photography Awards 2020 үздік суреттері
Тазы – аңшы иттің тұқымы, қазақтың аңшы иті. Иттер атпен жүріп аң аулауға арналған, ұзақ жүріске шыдамды келеді. Қазақстан кинологтар одағы мен кейбір басқа елдердің кинологиялық ұйымдары қазақтың аңшы итінің тұқымы ретінде таныған. Бұл Азия халықтарының көшпелі өмір салтына бейімделген ежелгі ит тұқымының бірі.
Аңшылардың көрсетілімдері мәдениет және спорт министрлігінің ұлттық спорт түрлері басқармасы, сондай-ақ "Қансонар" қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Бурабай курортты көлінің маңындағы төбелерде аң аулау қалай өткенін Sputnik Қазақстан материалынан көріңіз.