Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Испан кемпірқосағы мен отқа оранған ұшақ: Aerial Photography Awards 2020 үздік суреттері

Жазылу
Ақпарат агенттіктерінде жұмыс істейтін француз фотографы ұйымдастырған аэрофотолар байқауы алғаш рет алпыс бес елдің суретшілерінің басын қосты

Суреттер "Табиғат", "Өнер", "Адамдар", "Сәулет", "Қалалық пейзаждар" сынды 25 аталымы бойынша бағаланды.

Байқауды ұйымдастырушылардың талаптарына сәйкес биіктен немесе дронның көмегімен, тікұшақтан, моторсыз ұшу аппаратынан, парашют іспетті жеңіл ұшу аппаратынан, батпырауықтан, әуе шарларынан, барлық көлемдегі ұшақтардан, сондай-ақ, басқа да моторлы немесе моторсыз құрылғылардан түсірілген суреттерді жіберуге болады.

Конкурс үшін суретшілердің кәсіби дайындық деңгейі маңызды болған жоқ. Оған кәсіби фотографтар да, әуесқойлар да, оның ішінде дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі студенттер де өз жұмыстарын жіберуге мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, байқауға әлемнің 65 елінен мыңдаған өтінім келіп түскен, ал жүзден астам суреттің иелері түрлі марапатқа ие болды.

Sputnik Қазақстан Aerial Photography Awards 2020 конкурсы жеңімпаздарының туындыларын назарларыңызға ұсынады.

© Photo : Sebastien Nagy / Aerial Photography Awards"Aerial Photography Awards 2020" байқауының жеңімпазы, бельгиялық фотограф Sebastien Nagyдің "Абстрактілі Греция" суреті. Байқауға биіктен, дрондардың, моторсыз ұшу аппаратының, парашют іспетті жеңіл ұшу аппаратының, әуе шарларының, парашюттердің және басқа да аэромобильді құрылғылардың көмегімен түсірілген жүздеген сурет жиналды
Снимок Abstract Greece бельгийского фотографа Sebastien Nagy, победивший в конкурсе Aerial Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
1/18
"Aerial Photography Awards 2020" байқауының жеңімпазы, бельгиялық фотограф Sebastien Nagyдің "Абстрактілі Греция" суреті. Байқауға биіктен, дрондардың, моторсыз ұшу аппаратының, парашют іспетті жеңіл ұшу аппаратының, әуе шарларының, парашюттердің және басқа да аэромобильді құрылғылардың көмегімен түсірілген жүздеген сурет жиналды
© Photo : Thien Nguyen / Aerial Photography AwardsКүн шығып келе жатқан кезде түсірілген моторлы қайықтан шыққан түтін, жергілікті вьетнамдық балықшылар бұл қайықпен анчоус аулауға шығады. Фото авторы – People аталымының жеңімпазы – Thien Nguyen.
Снимок Anchovy catching вьетнамского фотографа Thien Nguyen, победивший в категории People конкурса Aerial Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
2/18
Күн шығып келе жатқан кезде түсірілген моторлы қайықтан шыққан түтін, жергілікті вьетнамдық балықшылар бұл қайықпен анчоус аулауға шығады. Фото авторы – People аталымының жеңімпазы – Thien Nguyen.
© Photo : Alexander Sukharev / Aerial Photography AwardsФин шығанағындағы қар құрсауында жүзіп келе жатқан сауда кемесін ресейлік Александр Сухарев таспаға түсіріп алған. Оны қазылар алқасы Transportation аталымында жеңімпаз деп таныды.
Снимок Fairway of the Gulf of Finland российского фотографа Alexander Sukharev, победивший в категории Transportation конкурса Aerial Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
3/18
Фин шығанағындағы қар құрсауында жүзіп келе жатқан сауда кемесін ресейлік Александр Сухарев таспаға түсіріп алған. Оны қазылар алқасы Transportation аталымында жеңімпаз деп таныды.
© Photo : Bachir Moukarzel / Aerial Photography AwardsБұлт торлаған Дубайда орналасқан әлемдегі ең үлкен фотожақтау. Constructions аталымында жеңімпаз атанған суретті ливандық фотограф Bachir Moukarzel түсірген.
Снимок The Frame ливанского фотографа Bachir Moukarzel, победивший в категории Constructions конкурса Aerial Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
4/18
Бұлт торлаған Дубайда орналасқан әлемдегі ең үлкен фотожақтау. Constructions аталымында жеңімпаз атанған суретті ливандық фотограф Bachir Moukarzel түсірген.
© Photo : Hua Shang / Aerial Photography AwardsКениялық Натрон мен Мекка көлдерінің тұзды толқындарының үстінде ұшып бара жатқан қоқиқаздар. Nature аталымы бойынша байқауға ұсынылған бұл суретті қытай фотографы Hua Shang тікұшақтан түсірген.
Снимок Flying Flamingos китайского фотографа Hua Shang, победивший в категории Nature конкурса Aerial Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
5/18
Кениялық Натрон мен Мекка көлдерінің тұзды толқындарының үстінде ұшып бара жатқан қоқиқаздар. Nature аталымы бойынша байқауға ұсынылған бұл суретті қытай фотографы Hua Shang тікұшақтан түсірген.
© Photo : Brad Walls / Aerial Photography AwardsАвстралиялық фотограф Brad Walls-тің теннис кортының қанық түсі мен сызығы және спортшының мінсіз қозғалысы бейнеленген Sports аталымындағы Ball Up деп аталатын суреті Aerial Photography Awards 2020-ның қазылар алқасының көңілінен шықты.
Снимок Ball Up австралийского фотографа Brad Walls, победивший в категории Sports конкурса Aerial Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
6/18
Австралиялық фотограф Brad Walls-тің теннис кортының қанық түсі мен сызығы және спортшының мінсіз қозғалысы бейнеленген Sports аталымындағы Ball Up деп аталатын суреті Aerial Photography Awards 2020-ның қазылар алқасының көңілінен шықты.
© Photo : Azim Khan Ronnie / Aerial Photography AwardsБангладештің Богура ауданының тұрғындары тасқын судан зардап шеккен егінді сақтап қалуға тырысуда. Суретті түсірген фотосуретші Azim Khan Ronnie Editorial номинациясында екінші орынға ие болды.
Снимок Flood water has damaged crops фотографа из Бангладеш Azim Khan Ronnie, занявший 2-е место в категории Editorial конкурса Aerial Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
7/18
Бангладештің Богура ауданының тұрғындары тасқын судан зардап шеккен егінді сақтап қалуға тырысуда. Суретті түсірген фотосуретші Azim Khan Ronnie Editorial номинациясында екінші орынға ие болды.
© Photo : Marc Le Cornu / Aerial Photography AwardsОтқа оранған ұшақ – құтқарушы қызметінің мамандары әуе апаты болған маңда жүр. Британдық фотограф Marc Le Cornu "Aerial Photography Awards 2020" байқауының Documentary номинациясын жеңіп алды.
Снимок Fire Attack британского фотографа Marc Le Cornu, победивший в категории Documentary конкурса Aerial Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
8/18
Отқа оранған ұшақ – құтқарушы қызметінің мамандары әуе апаты болған маңда жүр. Британдық фотограф Marc Le Cornu "Aerial Photography Awards 2020" байқауының Documentary номинациясын жеңіп алды.
© Photo : Sebastian Müller / Aerial Photography AwardsThe Highlands of Iceland.
Снимок Skyggnisvatn швейцарского фотографа Sebastian Müller, победивший в категории Nature конкурса Aerial Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
9/18
The Highlands of Iceland.
© Photo : Johan Vandenhecke / Aerial Photography AwardsБельгиялық фотограф Johan Vandenhecke түсірген қызыл Татакоа шөліндегі тау жыныстарының түзілімдері Abstract аталымында әділқазылардың ықыласына бөленді.
Снимок Tatacoa desert бельгийского фотографа Johan Vandenhecke, победивший в категории Abstract конкурса Aerial Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
10/18
Бельгиялық фотограф Johan Vandenhecke түсірген қызыл Татакоа шөліндегі тау жыныстарының түзілімдері Abstract аталымында әділқазылардың ықыласына бөленді.
© Photo : Joel Jochum / Aerial Photography AwardsНеміс фотографы Joel Jochum энергетикалық компанияның су қоймаларын күн ұясына батып бара жатқан кезде түсірді. Бұл сурет Aerial Photography Awards 2020 байқауын Industrial номинациясы бойынша жүлде алды.
Снимок Energy storage немецкого фотографа Joel Jochum, победивший в категории Industrial конкурса Aerial Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
11/18
Неміс фотографы Joel Jochum энергетикалық компанияның су қоймаларын күн ұясына батып бара жатқан кезде түсірді. Бұл сурет Aerial Photography Awards 2020 байқауын Industrial номинациясы бойынша жүлде алды.
© Photo : Duy Sinh / Aerial Photography AwardsБалықшы торды көгілдір су айдынына жайып жіберді, ал толқындар теңіз иесінің сұлбасын кездейсоқ жасап шығарады. Вьетнамдық фотограф Duy Sinh бұл суретімен Daily Life аталымында басқалардан оқ бойы озық болды.
Снимок The Lady of Sea вьетнамского фотографа Duy Sinh, победивший в категории Daily Life конкурса Aerial Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
12/18
Балықшы торды көгілдір су айдынына жайып жіберді, ал толқындар теңіз иесінің сұлбасын кездейсоқ жасап шығарады. Вьетнамдық фотограф Duy Sinh бұл суретімен Daily Life аталымында басқалардан оқ бойы озық болды.
© Photo : Mehmet Aslan / Aerial Photography AwardsҚойлар ормандағы жерге түскен қызыл жапырақ үстімен жайылымнан қайтып келеді. Түрік фотографы Mehmet Aslan Forest Path деп аталатын суретімен Trees & forests номинациясында жеңіске жетті.
Снимок Forest Path турецкого фотографа Mehmet Aslan, победивший в категории Trees & forests конкурса Aerial Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
13/18
Қойлар ормандағы жерге түскен қызыл жапырақ үстімен жайылымнан қайтып келеді. Түрік фотографы Mehmet Aslan Forest Path деп аталатын суретімен Trees & forests номинациясында жеңіске жетті.
© Photo : Kyle Vollaers / Aerial Photography AwardsБритандық фотограф Kyle Vollaers тапқан, аңызға айналған "Тақтар ойынындағы" Түн Патшасының тәжіне ұқсас мұз айдыны Arctic Paradise деген атаумен Waterscapes номинациясында жеңімпаз атанды.
Снимок Arctic Paradise британского фотографа Kyle Vollaers, победивший в категории Waterscapes конкурса Aerial Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
14/18
Британдық фотограф Kyle Vollaers тапқан, аңызға айналған "Тақтар ойынындағы" Түн Патшасының тәжіне ұқсас мұз айдыны Arctic Paradise деген атаумен Waterscapes номинациясында жеңімпаз атанды.
© Photo : Yiran Ding / Aerial Photography AwardsӘуе лайнерінің терезесінен түсірілген көрініс Travel аталымында үздік фото ретінде танылды. Қытайлық фотограф Yiran Dingтің бұл суреті Shanghigh деп аталады.
Снимок Shanghigh китайского фотографа Yiran Ding, победивший в категории Travel конкурса Aerial Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
15/18
Әуе лайнерінің терезесінен түсірілген көрініс Travel аталымында үздік фото ретінде танылды. Қытайлық фотограф Yiran Dingтің бұл суреті Shanghigh деп аталады.
© Photo : Ryan Koopmans / Aerial Photography AwardsАмстел өзеніне түсіп кеткен полиэтилен пакетіне қол созған бала. Канадалық фотограф Ryan Koopmansтың Нидерландыда таспаға түсірген бұл көрінісі Other аталымында жеңіске жетті.
Снимок On The Edge канадского фотографа Ryan Koopmans, победивший в категории Other конкурса Aerial Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
16/18
Амстел өзеніне түсіп кеткен полиэтилен пакетіне қол созған бала. Канадалық фотограф Ryan Koopmansтың Нидерландыда таспаға түсірген бұл көрінісі Other аталымында жеңіске жетті.
© Photo : Sebastien Nagy / Aerial Photography AwardsСнимок Spanish rainbow бельгийского фотографа Sebastien Nagy, победивший в категории Cityscapes конкурса Aerial Photography Awards 2020.
Снимок Spanish rainbow бельгийского фотографа Sebastien Nagy, победивший в категории Cityscapes конкурса Aerial Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
17/18
Снимок Spanish rainbow бельгийского фотографа Sebastien Nagy, победивший в категории Cityscapes конкурса Aerial Photography Awards 2020.
© Photo : Reginald Van de Velde / Aerial Photography AwardsСоғыс жаңғырығы. Бельгиялық фотограф Reginald Van de Velde Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Франция жағалауында суға батып кеткен, мина жойғыш британдық кеме қирандысын таспаға түсіріп алды. Бұл кеме жүз жылдан астам уақыт бойы жағалау құмы астында жатқан, тек жақында ғана жағалаудың кейбір тұсын су шайып кетуіне байланысты жер бетіне шыққан. Сурет Abandoned places аталымын жеңіп алды.
Снимок The Wreck бельгийского фотографа Reginald Van de Velde, победивший в категории Abandoned places конкурса Aerial Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
18/18
Соғыс жаңғырығы. Бельгиялық фотограф Reginald Van de Velde Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Франция жағалауында суға батып кеткен, мина жойғыш британдық кеме қирандысын таспаға түсіріп алды. Бұл кеме жүз жылдан астам уақыт бойы жағалау құмы астында жатқан, тек жақында ғана жағалаудың кейбір тұсын су шайып кетуіне байланысты жер бетіне шыққан. Сурет Abandoned places аталымын жеңіп алды.
Жаңалықтар
0