Әлем

"Солтүстік ағын – 2" жобасына қауіп төнді ме?

Германиядағы бундесвер зертханасы "Шарите" клиникасының тапсырмасы бойынша Алексей Навальныйдың анализдеріне токсикологиялық зерттеу жүргізді. Оның нәтижесі бойынша ГФР үкіметі Навальныйдың қанынан "Новичок" уландырғыш заты табылды деп мәлімдеді
Sputnik

Соңғы екі онжылдықта әлемдік саясат тікелей өтірік айту мемлекет үшін үлкен олқылық болып саналады деген тұжырымды бұзып келе жатыр. Еш бүкпесіз өтірік айтса, онда ол өздері үшін тиімді дегенді білдіреді, деп жазады РИА Новости. 

Навальный мінген ұшақ шұғыл түрде Омбыға қонды – оппозиционер комада жатыр
Әйткенмен, ойын тәртібі осы күнге дейін айтылған өтірік сәл де болса адам сенерліктей сипатта болуын талап етті. Мамандарды болмаса да, қоғамды сендіруге қауқарлы болуы тиіс. Мына оқиға көпшіліктің есінде қалды: АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл Саддам Хусейннің басқаруында биологиялық қару дайындайтын зауыт бар екенін айтып, өз сөзінің дәлелі ретінде белгісіз ұнтақ салынған түтікшені көрсеткенде әлем оған сеніп қалды.

Ал Скрипальдердің улануы бұл шоуды тамашалаушылар үшін тіпті қызықты болды. Мамандар британдықтар ұсынған мәліметтердегі сәйкессіздіктерді бетке басып жатса, қоғамның басым бөлігі скафандр киген криминалистер, қоршалған қала аумағы, қиратылған үйлер мен ауруханаға түскен адамдардан құрастырылған "ақиқаттың" куәсі болып жатты. Еуропа орталығындағы химиялық шабуыл фактісі голливудтық ондаған фильмді тамашалаған қоғам үшін сенім ұялататындай шынайы болды.

Енді сахнаға Германия шықты да, Навальныйдың улануына қатысты өте күмәнді мәлімдеме жасады. Мұны естіген химия, медицина және криминалистикадан бейхабар ең аңғал әрі аңқау адамның өзі "Сенбеймін!" дер еді.

Немістер ұсынған нұсқадағы ең қызықтысы мынау: әркез сенімнен шықпай жатқанына қарамастан, дәл осы улағыш затты ресейлік билік өзіне жақпаған адамдарға қарсы қолданудан жалығар емес екен. Сондай-ақ, Солсберидің жартысына жуығын қиратуға себепші болған бұл "Новичок" Навальныйға қарсы ұшақта қолданылса, онда неге басқа жолаушылар дін аман? Немесе Ресей блогерді шетелге емделу үшін жіберудегі мақсаты - осы улағыш зат анықталып, кезекті халықаралық дауға қалуды асыға күтті ме?

Мамандар да үнсіз қалмауда. Олар уланудың клиникалық картинасы тіптен басқа екенін айтып жатыр, ал, Берлин қажетті мәліметті беруден бас тартып отыр.

Австрия "Солтүстік ағын – 2" жобасына қарсы санкцияларды сынға алды
Жалпы, ГФР жалған мәлімдеме жасап, оған қоғамды сендіруге тырыспады да. Бұл "Неге осындай әрекет жасады? Басқа жолы бар еді ғой" деген сияқты ойларды туындатып отыр. Сұрақтың ең ақылға қонымды жауабы: алда жаңа санкциялар күтіп тұр.

Бірақ, бұл оқиға басқаларынан өзгерек сипат алуы мүмкін. Себебі, Ресейдің ауыр "жазасы" бар – "Солтүстік ағын -2" жобасы жабылуы мүмкін. Навальныйдың "диагнозы" қойылған сәттен кейін-ақ осы жайлы америкалықтар да, неміс саясаткерлері де сөз етті. Бұл АҚШ немістерді өз дегеніне көндіріп, аталған жобадан бас тартуға мәжбүрлегенін білдіруі ықтимал. Сол себепті, "Новичок – 2" операциясы атүсті жүргізіліп, мәселе блогердің улануында емес, Вашингтонның үлкен геосаяси жеңісінде болып тұрғаны баршаға мәлім болуы көзделуде.

Десек те, Берлин бұрынғыша "Навальный" ісі мен "Солтүстік ағын – 2" құрылысын екі бөлек қарастырып отырғанын айтуда. Бундесвер химиктері мәлімдеген фантастикалық нәтиже жоба тағдырын ғана айқындап қоймай, германиялық элитаның ішкі текетіресін де көрсетеді: ұлттық мүддені қорғаушылар мен проамерикалықтар арасындағы пікір қайшылығы байқалады.