Әлем

Навальный мінген ұшақ шұғыл түрде Омбыға қонды – оппозиционер комада жатыр

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАлексей Навальный, архивное фото
Алексей Навальный, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір Алексей Навальный қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер қажетті зерттеулер жүргізуде

АЛМАТЫ, 20 тамыз — Sputnik. Томск қаласынан Мәскеуге ұшып бара жатқан Алексей Навальныйдың жағдайы күрт нашарлап кетті. Сол себепті ұшақ Омбыға қонып, блогер шұғыл түрде қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Бұл жайында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорының" баспасөз хатшысы Кира Ярмыш айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Айтуынша, Алексей Навальный астан уланған.

"Алексейді шайына бірнәрсе араластырып улаған деп санаймыз. Ол таңертеңнен бері тек шай ішті. Дәрігерлердің айтуынша, токсин ыстық сұйықтық арқылы тез сіңіп кеткен", - деп мәлімдеді Ярмыш.

Ол бір жыл бұрын болған оқиғаны еске алды. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоры" өткен жылы арнайы қабылдау кезінде Навальныйды дәл осылай уламақ болғанына сенімді.

Навальныйдың ауруханаға жатқызылғанын денсаулық сақтау министрлігі растады.

"Блогер жедел жәрдем көлігі арқылы қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Қазір Алексей Навальный жансақтау бөлімінде жатыр, оған барлық қажетті тексеру жүргізіледі", - деп хабарлады ведомство.

Оқи отырыңыз: Танымал әнші ұшақ жолаушысының өмірін құтқарып қалды 

Навальный Омбыдағы ауруханада жасанды тыныс алу аппаратына қосылды, қазір ес-түссіз жатыр. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорының" баспасөз хатшысының айтуынша, ауруханаға полиция шақырылды.

Кейін Навальныйдың баспасөз хатшысы Twitter желісінде оның комаға түскенін хабарлады.

Жаңалықтар
0