Әлем

Австрия "Солтүстік ағын – 2" жобасына қарсы санкцияларды сынға алды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуРабочие на строительстве газопровода, архивное фото
Рабочие на строительстве газопровода, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құбыр желісі Еуропаның энергиямен қамтамасыз ету саласын диверсификациялауға ықпал етеді және Украина мүдделерін шектемейді

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Австрия сыртқы істер министрлігінің басшысы Александер Шалленберг "Солтүстік ағын – 2" жобасына қарсы америкалық санкцияларды сынға алды, деп хабарлайды РИА Новости басылымы.

"Біз санкциялардың экстерриториалдық әрекетін қабыл алмаймыз. Бұл дұрыс емес", - деп мәлімдеді ол Die Presse газетіне берген сұқбатында.

Министрдің айтуынша, құбыр желісі Еуропаның энергиямен қамтамасыз ету саласын диверсификациялауға ықпал етеді және Украина мүдделерін шектемейді.

Вашингтон өзінің жобаға қатысты сыны экономикалық есептерге негізделгенін жасырмайды, деп еске салды Шалленберг. Сыртқы істер министрлігінің басшысы Америка Құрама Штаттарының Еуропа одағына өз сұйытылған табиғи газын жеткізу жоспарлары туралы сұраққа жауап бере келе, "Еуропа мүдделері басқа" деп атап өтті.

Бұл ретте ол Америка Құрама Штаттары мен Еуропа одағы елдерінде құндылықтар бірдей деді. "Бірақ біз 30 жыл бұрынғы әдістерді пайдалануды жалғастыра алмаймыз. Әлем жан-жақты дамыды", - деп түйіндеді министр.

АҚШ-тың "Солтүстік ағын – 2" жобасына қарсы санкциялары

Жиырмасыншы желтоқсанда Америка президенті Дональд Трамп 2020 жылға арналған қорғаныс бюджетіне қол қойды. Нақтыласақ, ол "Солтүстік ағын – 2" және "Түрік ағыны" газ құбырларына қарсы шектеу шараларын қарастырады.

Тағы оқыңыз: "Түрік ағыны" жаңа газ құбыры іске қосылды

Америка Құрама Штаттары солардың құрылысымен айналысатын компаниялардан дереу жұмысты тоқтатуды талап етті. Швейцариялық Allseas жобаға қатысуын іле-шала тоқтатты.

Ресей президенті Владимир Путиннің мәліметінше, газ құбырын салу және іске қосу бойынша жұмыс 2020 жылдың соңына немесе келесі жылдың бірінші тоқсанына дейін аяқталуы тиіс. Ол Мәскеу газ құбырын өз күшімен, шетелдік серіктестерді тартпай-ақ, салып бітіре алатынын айтты. Мәселе тек мерзімінде болып тұр.

"Солтүстік ағын – 2"

"Солтүстік ағын – 2" жобасы Ресей жағалауынан Балтық теңізі арқылы Германияға дейін жалпы қуаты жылына 55 миллиард текше метр газды құрайтын екі газ құбыры желісін салуды көздейді.

Украина жобаға қарсы шықты. Ол ресейлік газ транзитінен түсетін табысты жоғалтудан қауіптенді. Бұған қоса, Еуропаға өз сұйытылған табиғи газын экспорттауды жоспарлаған Америка Құрама Штаттары қарсылық білдірді. Бұлардан басқа, Ұлыбритания, Польша мен Балтық елдері құрылысты тоқтатуға бірнеше рет шақырды.

Тағы оқыңыз: "Солтүстік ағын – 2" жобасына қарсы санкциялар: Forbes өз бағасын берді

Владимир Путин Ресей газ құбырына тек экономикалық жоба ретінде қарайтынын бірнеше мәрте атап өткен болатын. Мәскеу оны ықпал ету құралы деп қабылдамауға шақырады. "Солтүстік ағын – 2" құрылысын Германия, Австрия мен Норвегия белсенді түрде қолдайды.

Жаңалықтар
0