Өңірлер

Қатты жел және бұрқасын: бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер жексенбіге ауа райы болжамын ұсынды. Олар бүгін кей өңірлерде тұман, көктайғақ, желдің күшейіп, бұрқасын болатынын ескертеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан — Sputnik. Солтүстік циклонның әсері республиканың басым бөлігінде сақталады, осыған байланысты жауын-шашын, кей жерде көп мөлшерде жаңбыр мен қар түседі. 

Антициклон жотасының шығысқа жылжуы ауа температурасының төмендеуіне және республиканың батысы, солтүсік-батысы және солтүстігіне жауын-шашынсыз ауа райын алып келеді, деп хабарлайды синоптиктер.

Алматы маңында қар көшкіні болады
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, қатты жел, бұрқасын сақталады. Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, Павлодар облысында түнде жел 18 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады, түнде желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.