Қоғам

Алматы маңында қар көшкіні болады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАрхивно фото схода лавины
Архивно фото схода лавины - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер бүгін және ертең Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар көшкіні болуы мүмкін деп болжап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Алматы маңында қар көшкіні қаупі бар, деп хабарлайды Қазгидромет мамандары.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, 11-12 қарашада жауын-шашынның көп жаууы мен тау бөктеріндегі қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар көшкіні болуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарды сабыр сақтауға шақырды

Синоптиктердің болжамы бойынша, бұл күндері Алматыда ауа райы алабұлтты. Ауа температурасы 1-5 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы секундына алты метрге дейін жетеді, жаңбыр жауады.

Жаңалықтар
0