НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан — Sputnik. Солтүстік циклонның әсері республиканың басым бөлігінде сақталады, осыған байланысты жауын-шашын, кей жерде көп мөлшерде жаңбыр мен қар түседі.
Антициклон жотасының шығысқа жылжуы ауа температурасының төмендеуіне және республиканың батысы, солтүсік-батысы және солтүстігіне жауын-шашынсыз ауа райын алып келеді, деп хабарлайды синоптиктер.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, Павлодар облысында түнде жел 18 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады, түнде желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.