Дерекқор

Арқалық қазақ жасөспірімдер театры

Театр репертуарында қазақ әдебиеті классикасы мен қазіргі заман әдебиетінің озық үлгілері негізінде қойылған қойылымдар бар
Sputnik

Театр қашан және қалай құрылды

Арқалық қазақ жасөспірімдер театры 2001 жылы өз шымылдығын Мұхтар Әуезовтың "Айман – Шолпан" пьесасымен ашты. Бұл қойылым жаңа театрдың болашақтағы қадамына жол ашты.

2001 жыл театр өміріндегі ерекше кезең болып есте қалды. Аяғынан қаз тұрып, тәй – тәй басқан сәбидей өнердің қадамына талпынған театр ұжымы алғаш рет тәжірибе алмасу алаңы – театрлар фестиваліне қатысуға тәуекел етіп, Петропавл қаласына жол тартты. Осы бәйгеде театр Мұхтар Әуезовтың "Айман – Шолпан" комедиясымен қатысып, театр әртісі Орынбасар Қойбағаров (Арыстан рөлі үшін) "Ең үздік дебют" номинациясымен марапатталды.

Арқалық қазақ жасөспірімдер театры

Театрдың марапаттары мен жүлделері

2003 жылы Бақнұр Молдашев жыршы-термешілер фестивалінде, ал Нұрғали Оразбек Астана қаласында өткен "Тазша бала" фестивалінде лауреат атанды.

Алғашқы қойылымдарын жертөледе сахналаған ARTиШОК театры
2004 жылдың күзінде Қостанайда өткен ХІІ республикалық театр фестиваліне Қоғабай Сәрсекеевтің "Мұңлық – Зарлық" драмасымен қатысқан театр ұжымы "Театр дебюті" номинациясы бойынша лауреат атанды.

Сонымен қатар, басшылық Қазақстандағы өзге театрлар тәжірибесіне сүйене отырып, белгілі танымал мамандарды жаңа қойылымдарды қоюға арнайы шақырды. Өзіндік қолтаңбасы, өзіндік шешімі, өзіндік идеясы бар Жанат Хаджиев, Досжан Жанботаев, Татьяна Рақышева, Сағызбай Қарабалин, Айгүл Баядилова, Ғазиз Арынов, Салима Тасеменовамен жұмыс істеу әртістерге зор ғанибет болды. Шығармашылық ұжымның шеберлігі шыңдала түсті.

2007 жылы Астана қаласында өткен Қазақстан драма театрларының ХҮ республикалық фестиваліне Әкім Таразидың "Күнә" қойылымын көрермен назарына ұсынып, мәдениет министрлігінің марапаттына ие болды.

Арқалық қазақ жасөспірімдер театры

2009  жылы Көкшетау қаласында өткен аймақтық фестивалде театр ұжымы сахналаған Тынымбай Нұрмағанбетовтың "Бес бойдаққа бір той" қойылымы Көкшетау қаласы әкімінің арнайы дипломымен марапатталды.

Арқалық театрын кім басқарды

2007-2008 жылдары Ғазиз Арынов қызмет атқарған жылдары өзінің жаңаша қойылымдарымен театрдың шығармашылық әлеуетін арттырды. Ол Мұқағали Мақатаевтың "Шаңырағыңды шайқалтпа" драма, Мұхтар Әуезовтің "Бәйбіше, тоқал" драма, Шойбек Орынбайдың "Тозаңды терезе" драма т.б. қойылымдарды  сахналап, өзіндік қолтаңбасын қалдырды.

Тағы оқыңыз: "Екі езу" сатира театры туралы қызықты деректер

2011 жылы бас режиссерлікке республикаға танымал АГТХИ-дың түлегі Салима Тасеменова жұмысқа шақырылды. 

2012 жылы Ілияс Омаровтың 100 жылдығына арналған республикалық театрлар  фестиваліне шығармашылық ұжым "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" драмасымен қатысып, спектакльдегі Абайдың әр кезеңдегі  бейнесін сомдаған әртістер фестиваль лауреаты атанды.

Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры
2013 жылы театр Тараз қаласында өткен "Тұңғыштай әл–Тарази Таразға шақырады" атты І республикалық фестивальге қатысып, дипломмен марапатталды.

2017 жылы Жезқазған қаласында өткен  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының лауреаты Жанат Хаджиев атындағы І аймақтық театрлар фестивалінде "Қанды азу" қойылымымен "Үкілі үміт" номинациясын жеңіп алды.

15 жылдан аса уақыт ішінде театр Қазақстанның барлық облысында, ірі-ірі қалаларында, ауылдық жерлерде гастрольдік сапарларда болып, қойылымдар қойды. 

Театрда Қазақстан Республикасының үш "Мәдениет қайраткері" еңбек етеді.