Саясат

Данияр Ақышевтың қандай қызметке тағайындалғаны белгілі болды

Данияр Ақышев 2015 жылдың қарашасынан 2019 жылдың ақпанына дейін Ұлттық банк төрағасы болды
Sputnik

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Бұрынғы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды", - деп жазылған Ақорданың сайтында жарияланған президенттің өкімінде. 

Айта кетсек, Данияр Ақышев 25 ақпанда отставкаға кеткен болатын. Оның орнына премьер-министрдің орынбасары болған Ерболат Досаев келді. 

Данияр Ақышев туралы не білеміз?

Ақышев 10 млн теңгенің пәтерін алу үшін жалақы қанша болу керектігін айтты
Данияр Ақышев 1976 жылғы 25 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. Ол еңбек жолын Орталық Азия қор биржасында маман ретінде бастады.

1996 – 2003 жылдар аралығындағы кезеңде Ұлттық банктің зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымдар атқарды, 2003 – 2007 жылдары аталған департаментті басқарды.

2007 жылғы тамызда Қазақстан президентінің өкімімен ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2014 - 2015 жылдары ҚР президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі лауазымын, сондай-ақ президент көмекшісінің міндеттерін уақытша атқарды. 

2015 жылдың 2 қарашасында Данияр Ақышев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалды.