АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Бұрынғы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды", - деп жазылған Ақорданың сайтында жарияланған президенттің өкімінде.
Айта кетсек, Данияр Ақышев 25 ақпанда отставкаға кеткен болатын. Оның орнына премьер-министрдің орынбасары болған Ерболат Досаев келді.
Данияр Ақышев туралы не білеміз?
1996 – 2003 жылдар аралығындағы кезеңде Ұлттық банктің зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымдар атқарды, 2003 – 2007 жылдары аталған департаментті басқарды.
2007 жылғы тамызда Қазақстан президентінің өкімімен ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2014 - 2015 жылдары ҚР президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі лауазымын, сондай-ақ президент көмекшісінің міндеттерін уақытша атқарды.
2015 жылдың 2 қарашасында Данияр Ақышев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалды.