Экономика

Ақышев 10 млн теңгенің пәтерін алу үшін жалақы қанша болу керектігін айтты

Жазылу
Қазіргі таңда банктер 28 миллиард теңгенің 2 352 өтінімін мақұлдаған

АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев "7-20-25" бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды тілшісі. 

Ақышевтің мәліметінше, қазіргі таңда банктерге қарыз алуға 42 миллиард теңге сомаға 3539 өтінім келіп түскен. Оның ішінде 28 миллиард теңгеге 2352 өтінім мақұлданды. 

Пәтер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"7-20-25": бір миллион теңге кімге және қалай берілетіні белгілі болды

"Біз мемлекет басшысының тапсырмасын жылдам бастап, іске асырудың маңызды екенін түсінеміз. Қысқа мерзім ішінде қажетті инфрақұрылым құрылды, ақпараттық науқан кеңеюде. Банктермен және халықпен белсенді жұмыс істеп жатырмыз", — деді ол үкімет отырысында. 

Ұлттық банк басшысы тиімділікті арттыру үшін қыркүйекте бағдарламаға өзгерістер енгізілгенін атап өтті. 

"Бірінші, Шымкент, Астана мен Алматының қала маңындағы аймақтары баспананың ең жоғарғы құны 25 миллион теңге мөлшеріндегі өңірлерге жатқызылды. Екінші, әкімдіктер мен құрылыс инвесторлары іске асыратын жылжымайтын тұрғын үй объектілері есебінен бастапқы баспана ұғымы кеңейтілді. Үшінші, баспана ұсынысын ынталандыру шаралары енгізілді. "Баспана" ипотекалық ұйымымен тұрғын үй құрылысы үшін жергілікті атқарушы органдардың теңгелік облигацияларын нарықтық ставкамен сатып алу механизмі қарастырылды", — деді ол.

  

Осы орайда Ақышев 10 миллион теңгенің пәтерін сатып алу үшін қазақстандықтың жалақысы қанша болуы керектігін айтты. 

"Мәселен, құны 10 миллион теңгені құрайтын пәтерді сатып алу үшін 2 миллион теңге мөлшерінде бастапқы жарна қажет. Ай сайынғы төлем 57 мың теңге болады. Тиісінше банк өтінімді мақұлдау үшін азаматтың ай сайынғы кірісі шамамен 120 мың теңге болуы тиіс. Себебі кредит бойынша борыш көлемі кірістің жартысынан аспауы тиіс деген ереже бар. Сондықтан халықтың төлем жасауға қабілетті болуы бағдарламаның сәтті іске асырылу факторларының бірі болып табылады", — деді ол. 

Әйел есікті ашып жатыр - Sputnik Қазақстан
Экономика
Осы аптадан бастап қазақстандықтарға баспана үшін миллион теңгеден беріледі

"7-20-25" бағдарламасы биыл шілдеде іске қосылды. Қазақстандықтар жылдық 7 пайыздық ставкамен, 20 пайыздық бастапқы жарнамен, 25 жыл мерзімге баспана сатып ала алады. 

"Біріншіден, әрбір адам баспананы бағдарламада айқындалған критерийлер бойынша таңдауы тиіс. Екіншіден, азамат банкке келіп, кредит алуға өтініш беруі керек. Үшіншіден, ресми түрде расталған кірісі және меншік құқығында баспанасы болмауы тиіс", — деп еске салды Ақышев. 

Оның айтуынша, қазіргіуақытта 7 банк – Банк Центркредит, АТФ, Ценсабанк, Банк РБК, Еуразиялық банк, Халық банкі және Фортебанк өтінім қабылдайды.

 

Жаңалықтар
0