Қоғам

"Мәңгі сақталады" Аяқ-қолынан айырылған чемпион Назарбаевқа арманын жеткізді

Ержан Сәлімгереев – суда жүзуден әлем кубогының төрт дүркін иегері, Азия ойындарының екі мәрте жеңімпазы
Sputnik

АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "100 жаңа есім" жобасының жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тасмағамбетовтың інісі өмірімді өзгертті – аяқ-қолынан айырылған чемпион

Бүгін "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының екінші кезеңі қорытындыланды. Жеңімпаздар қатарында бір қол, бір аяғынан айырылған спортшы Ержан Сәлімгереев те бар.

29 жастағы Ержан – суда жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Әлем кубогының төрт дүркін иегері, Азия ойындарының екі мәрте жеңімпазы. Үшінші сыныпта оқып жүргенде, трансформатор ішіне кіріп тоққа түсіп қалған.

"Спорт менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Қайсар мінезімнің арқасында ешқандай қиыншылыққа қарамай, алдыма мақсат қойып, күніне екі сағат жаттығып, үлкен жетістіктерге жеттім. Индонезияның Джакарта қаласында өткен жазғы Азия пара ойындарында қос алтын медаль еншіледім. 50 метрді 31 секундта, ал 100 метрді 1 минут 8 секундта бағындырдым. Бұл менің жеке рекордым", - деді чемпион кездесу кезінде.

Назарбаев теннисші Зарина Диясқа сыйлаған сағат қанша тұрады?

Спортшы Қазақстан президентіне өзінің ендігі арманы туралы айтты.

"Құрметті Елбасы, осы сәт менің жадымда мәңгі сақталады. Өзіңіз үнемі айтып жүретіндей, адам өзін-өзі тәрбиелеп, алдына мақсат қойса, алынбайтын қамал жоқ. Осы сөз бәріміздің жадымызда болуы керек деп ойлаймын. Ендігі менің арманым – туған өлкем Еркінқала ауылында спорттық нысан салып, болашақ чемпиондарды тәрбиелеу", - деді Сәлімгереев.

Қазақстанның зағип футболшылары қалай жаттығады - видео

Сондай-ақ, ол Жапонияның Токио қаласында өтетін жазғы Параолимпиада ойындарында еліміздің көк байрағын әлемге танытуға күш салатынын атап өтті.

Қазақстандық спортшы әлем чемпионы атанды

Айта кетсек, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының екінші кезеңі жүзеге асты. Жобаға 2388 өтінім түскен. Сарапшылар тобы жоба талаптарына сәйкес келесі кезеңге өтетін 200 кандидатты іріктеді. Соңғы онлайн дауыс беру арқылы жобаның 29 жеңімпазы анықталды.

Назарбаев көпбалалы отбасыларға қолдауды күшейтуге тапсырма берді