Видео

Қазақстанның зағип футболшылары қалай жаттығады - видео

Жазылу
Blind Football (көзі көрмейтіндердің футболы) құрамасында қазір тоғыз ойыншы бар, спортшылар Ресей Кубогына дайындалып жатыр

Допты көрмей, тек сезіну арқылы да футбол ойнауға болады... Алматының "Қайрат" футбол клубының Blind Football командасы осыны дәлелдеп келеді. Олар бапкер Шыңғыс Темерхановтың басшылығымен жаттығады екен. Зағип футболшылар дыбыстар мен дауыстарға ғана сүйенеді.

Фотография с изображением футболиста Эмилиано Сала  - Sputnik Қазақстан
Спорт
Әуе апатына ұшыраған танымал футболшы өлер алдында хат жазып қалдырған

"Қайрат" клубының базасында Blind football бағдарламасы басталғанда команда құрамына үміткерлердің саны 30 болыпты. Бүгін небәрі тоғыз көзі көрмейтін ойыншы қалған, дегенмен клуб жаңа футболшыларды үнемі іздеп жүреді.

Футболшылар Токиода 2020 жылы өтетін паралимпиада ойындарына қатысуды армандайды. Бірақ іріктеу жарысында бақ сынаса ала ма, жоқ па - әлі белгісіз. Қазір олар Ресей Кубогына таласуға дайындалып жатыр.

Жаңалықтар
0