Экономика

Қазақстанға қандай табиғи апаттар қауіп төндіретіні айтылды

Елде бір ғана су тасқынының өзінен жыл сайын 300 мыңға жуық адам жапа шегеді
Sputnik

АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Қазақстан географиялық  ерекшеліктері мен ландшафтарына қарай бірқатар табиғи апат қауіп төндіреді. Дүниежүзілік банк мамандары халықаралық тәжірибе негізінде ел басшылығына қауіп-қатерлерді төмендетуге инвестиция құюды ұсынып отыр. Аталмыш болжамдар қалай жасалады және табиғи апаттардың алдын-алу үшін қанша қаржы қажет? Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігінің осы мәселелерге қатысты сұрақтарына Дүниежүзілік банктің  Орталық Азиядағы  табиғи апаттарды басқару жөніндегі маманы Ко Такеучи жауап берді.

Қандай табиғи апаттар Қазақстанға қауіп төндіреді?

Елге тән катаклизмдер – су тасқыны, жер сілкінісі, сел, көшкін,  өрт және құрғақшылық.

Астанадағы қатты дауыл: Сенаторлар Қасымовтан есеп сұрады
"Табиғи апаттар қаупінің өсуіне халық санының артуы, экономика дамуының қарқыны мен экологиялық  жағдайдың өзгеруі сынды факторлар әсер етеді", - деді Ко Такеучи.

Табиғи катаклизмдердің салдары әр түрлі деңгейде болады. Мәселен, тарихқа жүгінетін болсақ, 1911 жылы  Верный  қаласында (қазіргі Алматы) болған Жер сілкінісінің шығыны 20 миллион долларға бағаланған.

Жыл сайын Жер сілкінісінен 200 мың адам зардап шегеді, ал Жер сілкінісінен келетін залал Қазақстанның жалпы ішкі өніміне 1 миллиард долларға дейін зиян келтіруі мүмкін.

"Қазақстанда су тасқыны да жиі болатынын көріп жүрміз. Олардың күші жойқын болмаса да, едәуір экономикалық зиян келеді. Мәселен, 2005 жылы су тасқыны 7,6 миллион доллар,  2008 жылы 100 миллион доллар, 2010 жылы 40 миллион доллар шығын әкеліп,  40 адамның өмірін қиды. Жалпы, Қазақстанда  бір ғана су тасқынының өзінен жыл сайын 300 мыңға жуық адам жапа шегеді, ал ЖІӨ-ге үш миллиард доллар шығын келтіреді", - деді маман.

Елдің өңірі мен климаттық жағдайына да көп нәрсе байланысты. Алматы қаласы мен ел аймағының 26 пайызын сел қауіп төндіреді, ал ауыл шаруашылығының басым бөлігі айтарлықтай деңгейде құрғақшылық тан жапа шегуі мүмкін.

Дүниежүзілік банк қандай ұсыныстар жасап отыр:

Халықаралық ұйымдардың тәжірибесі көрсеткендей, қауіп-қатерлерді төмендетуге бағытталған  инвестициялар көп жағдайда ақталады.  Болары болып, бояуы сіңген жағдайға байбалам салғанша,  қауіп-қатерлердің алдын алу қаржы шығыны мен адам өмірін сақтау тұрғысынан әлдеқайда тиімді.

Желіде жантүршігерлік су тасқынының видеосы жарияланды
Сәйкесінше, ең алдымен бүгінгі күні бар қауіп-қатерлерді төмендетіп, жаңасын ескертуге баса назар аударылуы керек.

"Алайда, біз барлық сынақты жою мүмкін емес екенін түсінеміз. Сондықтан да, қауіп-қатер болып қалған  жағдайда, дайын отыру маңызды. Дайындықты қатерлерді сақтандыру секілді қаржыны қорғау механизмдері арқылы жүзеге асыруға болады. Осы тетіктердің арқасында ел мен халық қауіп-қатерлерге дер кезінде жауап қайтарып, қайта қалпына келе алады", - деді спикер.

Такеучи 20 жыл бұрын Түркияда Мәрмәр теңізі аудағында болған жойқын Жер сілкінісін есіне алды. Апаттың экономикалық шығыны 100 миллиард долларға жетті, оның ішінде  800 миллион доллары сақтандырылған еді.

"Мұндай апаттар өтімділік дефицитін тудырып, өзге маңызды басымдықтарды қаржыландыруды қиындатады. Осы жағдайдан кейін Түркия үкіметі жер сілкінісінен міндетті сақтандыру енгізді.  Бүгінде Түркияның 48 пайызға жуық үй шаруашылығы жер сілкінісінен сақтандырылған. Бұл ауқымды әрі маңызды сан, енді  табиғи апат кезінде аталған отбасылар ауқымды төлемдерді жылдам алады, ол апаттан кейінгі қайта қалыпқа келуді жылдамдатады", - деп түсіндірді сарапашы.

Катаклизмдер кезінде мемлекет қандай жауапкершілік алады

Елдердің үкіметі табиғи апаттарға жауа қайтаруда басты рөл атқарады, олар зардап шеккен аумақты қайта қалпына келтіруге, төтенше  жағдайда көмек көрсетуге, мемлекеттік нысандарды қайта жөндеу мен  әлеуметтік көмек көрсетуге  жауапты.

Елдер үкіметі табиғи апаттар үлкен экономикалық  шығын  әкелген  жағдайда экономикалық  жағдайды тұрақтандыруға жауапкершілік алады.

Астанадағы қайғылы оқиға: өрттен қаза болған бес баланың отбасы туралы белгілі болды
Табиғи апаттар тәуекелдерін басқару бойынша жетекші маман айтып өткендей, үкіметтің тиімді  қаржылай жоспарлауының нәтижесінде  апаттардың теріс  экономикалық  салдарын төмендетуге және мемлекеттік экономикадағы  қысымнан құтылуға   болады.

"Үкімет табиғи апаттардың салдарын  жоюға бағытталған  ресурстарды бөледі. Мәселен, 2018 жылы ел бұл мақсаттарға 280 мың долларды Қазақстан  Республикасы  үкіметінің резерві қорына бөлді. Алайда, апаттан кейінгі жағдайдың барлығын бір ғана тетік арқылы шешу мүмкін емес. Сондықтан да бұл жағдайда кешендік әдіс қажет. Ол тек резевтік қорларды ғана емес, шартты  несиелер мен апаттан сақтандыру  және өзге қауіп-қатерлердің әдістерін, донорлық көмекті тиімді үйлестіру жұмыстарын  қамтуы керек", - деді ол.

Апатқа душар болған  өңірлердің тұрғындарына келетін болсақ, ел үкіметі апатты жоюға да жауапты. Ол уақытша баспана ұсыну, донорлар қызметін үйлестіру мен  ҒӨҰ, мемлекеттік инфрақұрылым мен нысандарды жөндеуді қамтиды.

Құқықтық база мен сақтандырудан бөлек үкімет жапа шеккен халыққа, әсіресе тұрмысы төмен  отбасылар мен әлеуметтік  жағдайы нашар халық санатына  қаржылай көмек те көрсетуі тиіс. Үкімет апаттан кейін  фермерлер мен шағын кәсіпорындарға қолдау көрсететін жағдайлар да жиі кездеседі.

Катаклизмдердің қатері мен шығындарын қалай бағалауға болады

Дүниежүзілік банк  маманы айтып өткендей, апаттарды бағалайтын арнайы жүйе бар. Ол модельдің көмегімен ақшалай есепте әлеуетті шығындарды есептеп, нақты ел мен өңірдегі адамдар шығынын бағалауға болады.

Үкімет бұл көрсеткіштерді қаржылай жоспарлау мен қалпына келтіру шығындары есебінде қолдана алады, сондай-ақ, табиғи апаттарға дайындық кезінде де қолайлы болуы мүмкін.

Мемлекет  қандай алдын-алу шараларын қабылдауы керек?

Дүниежүзілік банк апаттар қатерін төмендету мақсатында 5 негізгі шараны анықтайды.

Ғалымдар 2019 жылы адамзатты не күтіп тұрғанын болжады
"Біріншіден, елде қандай қауіп-қатерлер бар екенін анықтап алу керек. Қауіп-қатерлер анықталған соң, олардың тізімін халыққа жариялау қажет", - деді Ко Такеучи.

Екіншіден, қатерлерді төмендету шаралары құрылыс жұмыстары мен көшкінге қарсы кедергілерді жасақтау мен апаттарға төтеп беру үшін үйлерді қамдау, құрылыс нормалары мен тәртіпті күшейтуді қамтиды.

"Үшінші пункт – қатерлерге дайындықты қамтамасыз ету: ерте хабар берудің тиімді жүйесін әзірлеу, төтенше шараларды қолдау  мен күтпеген  шығындарды жоспарлауды қамтиды. Төртіншіден, қаржылай қорғау –  апаттарға жедел ықпал жасап, салдарды жоюға көмектесетін  қаржылай тетіктерді алдын-ала дайындау қажет", - деді сарапшы.

Соңғы, бесіншісі егер табиғи апат болса, оның салдары мен қайта қалпына келтіру жұмыстарына көңіл бөлу маңызды. 

Алматыда Орталық Азияға төнген қауіп талқыланады

Ақпан айының соңында Орталық Азия елдерінің үкіметі Алматыда бас қосады. Әлемде қолданылып жатқан тетіктер  қарастырылып, оларды өңірде қолдану мәселесі талқыланбақ.

"Бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы табиғи апаттардан қорғау бойынша қаржылай тетіктерді нығайтуға әсер етеді деген үміттеміз", - деді спикер.

Такеучи мырза Дүниежүзілік банк атынан ұйым Қазақстанды табиғи апаттар қатерін басқаруда қолдайтынын жеткізді.