Видео

Желіде жантүршігерлік су тасқынының видеосы жарияланды

Жазылу
Туапседегі нөсер жауынның куәгерлері әлеуметтік желілерде қорқынышты видео жариялап жатыр

Топан су көпірді қиратты, жолдар мен үйлер, екі теміржол стансасы су астында қалды. Видеодан автокөліктерді су ағызып әкетіп жатқанын көруге болады, жолдар өзенге айналған.

Кеше Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Туапсе ауданында су тасқыны болды.

Өңірде төтенше жағдай режимі енгізілді. Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Краснодар өлкесі бойынша бас басқармасының мәліметінше, алты сағат бойы жаңбыр жауып, 119 миллиметр жауын-шашын түскен. 19 елді мекенді жартылай су басып қалды.  


Жаңалықтар
0