Әлем

Ғалымдар 2019 жылы адамзатты не күтіп тұрғанын болжады

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуАптап ыстық
Аптап ыстық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Климатологтар 2019 жылы ауа райы жайсыз болатынын ескертті

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Ғалымдар 2019 жылы адамзат тарихындағы ең аптап ыстық болады деп болжап отыр. Бұл туралы Калифорния университетінің мамандары мәлімдеді, деп жазды National Geographic.  

Адамдар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ғалымдар қай жылы туғандардың өмір жасы қысқа болатынын айтты

Жер бетіндегі температураның күрт өзгеруіне Тынық мұхитының шығысында судың беткі қабатындағы температураның көтерілуі әсер етеді.

Ғалымдардың айтуынша, соңғы төрт жылда – 2015 жылдан 2018 жылға дейін көмірқышқыл газы шығарындыларының артуына байланысты тарихтағы ең ыстық кезең болды, бұл аралықта да рекордтық көрсеткіш тіркелді.

Жаһандық жылыну несімен қауіпті? Климатолог ғалымдар аптап, орман өрттері, құрғақшылық, су тасқыны және жойқын дауыл секілді қауіпті ауа-райы орнауы мүмкін екенін түсіндірді.

2018 жылы Солтүстік жарты шарда 70 тропикалық циклон немесе дауыл тұрды, бұл өткен кезеңдердің орташа мәнінен едәуір көп.

Сондай-ақ, жылу толқындары 2018 жылы өнімділіктің азаюына әкеп соқтырды, өйткені көбінесе аптап ыстықтан жұмыс істеу былай тұрсын, сыртқа шығудың өзі мұң болды. 


Жаңалықтар
0