АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерполы 382 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінген Максим Леонтьевті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Болгариядан экстрадициялады.
Ұсталған азамат Максим Леонтьев 2012-2017 жылдар аралығында Қарағанды облысы Ақтау қаласындағы "Central Azia Cement" АҚ-да жұмыс істеген. Күдікті өз құзыретін асыра пайдаланып, алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпорынның 382 миллион теңге ақшалай қаражатын жымқырған, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген Леонтьевке халықаралық іздеу жарияланған болатын. Күдікті Астана қаласының тергеу абақтысына қамалды.