Қоғам

Ақтауда 382 млн теңге жымқырды деген күдікпен компания қызметкері ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Болгария билігі Қазақстанға іздеуде жүрген адамды  ұстап берді

АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерполы 382 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінген Максим Леонтьевті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Болгариядан экстрадициялады.

Мұхтар Әблязов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Әблязовпен бірге ақша жымқырған сыбайластары белгілі болды
Ұсталған азамат Максим Леонтьев  2012-2017 жылдар аралығында   Қарағанды облысы Ақтау қаласындағы "Central Azia Cement" АҚ-да  жұмыс істеген. Күдікті өз құзыретін асыра пайдаланып, алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпорынның 382 миллион теңге ақшалай қаражатын жымқырған, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.  

Қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген Леонтьевке халықаралық іздеу жарияланған болатын. Күдікті Астана қаласының тергеу абақтысына қамалды.

Жаңалықтар
0