АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. БТА Банктегі қаражат жымқыру туралы қылмыстық істің сот алды тергеу жұмысы аяқталды – банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтан басқа үш топ-менеджерге осы іс бойынша күдік келтірілді деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы.
БТА Банк директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әлязов БТА Банктен миллиардтаған қаражат қымқыру ісі бойынша басты күдікті. Оған қылмыстық қауымдастық құрып басқарған, БТА Банктің ақшалай қаражатын жымқырып, ізін жасырған, банк қаражатын заңсыз қолданып, өкілеттігін асыра пайдаланған деген айыптар тағылды.
Сонымен қатар, бұл іске қатысы бар басқа тұлғалардың есімдері аталды: басқарма төрағасы С. Мамеш, басқарма төрағасының бірінші орынбасары – несие комитетінің төрағасы Ж. Жарымбетов, несие бойынша директор К. Садықова.
Келтірілген зиянның жалпы сомасы 7,5 миллиард долларды құрайды.
"Тергеу барысында анықталғандай, жымқырылған қаражат халықтың зейнетақы салымдары, Қазақстан азаматтарының жеке жинақ ақшасы және шетелдік қаржы институттарынан алынған қарыздар болып табылады", — делінген хабарламада.
Мемлекет БТА Банк қарыздарын өтеу жөнінде міндеттіліктерді өз мойнына алды.