АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Өскемен мен Зайсанда 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.
Бүгін таңертең СТӘЭ сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Оның эпицентрі Қазақстан мен Қытай шекарасында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 616 шақырымда орналасқан.
Тереңдігі – 5 шақырым. Энергетикалық санаты 12.9. Магнитудасы MPV 5.8.
Өскемен мен Зайсанда 2-3 балдық жерасты дүмпулері сезілді. Қаза тапқандар мен қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ.