АСТАНА, 21 қаңтар — Sputnik. Чилидің Кокимбо қаласында 19 қаңтарда болған жер сілкінісі кезінде екі тұрғын көз жұмды. Жер асты дүмпуінің магнитудасы 6,7 балл болған, деп хабарлайды BioBio радиостанциясы.
Жергілікті билік басшысы Люсия Пинто мәлімдегендей, зардап шеккендердің бірі – 74 жастағы әйел. Ал 60 жастағы ер адам көлік айдап келе жатқанда жүрегі тоқтап қалған.
"Зардап шегушіге көмек көрсетілді, алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады", — деді ол.
Пинто берген мәліметке сүйенсек, жер сілкінісі салдарынан 232 мың үй жарықсыз қалған, жергілікті қызметтер апат салдарын жоюмен айналысып жатыр.
#Sismo #temblor #Terremoto #LaSerena #Coquimbo #Tongoy #earthquake #earthquake chile
— Marco (@marcomboz) 20 января 2019 г.
Esto deja un "sismo" en Chile. No diga sismo, diga terremoto, no sea longi. pic.twitter.com/tLjr48PNm4
Ал жер сілкінісінің ошағы 54 километр тереңдікте болыпты.